Шымбұлақ Грузия және Оңтүстік Корея курорттарымен меморандумға қол қойды
Наурыз тойын тойлаған күндері әлемнің екі әйгілі Mountain Resorts of Georgia (Грузия) және MONA Yong Pyong (Оңтүстік Корея) тау-шаңғы компаниясының өкілдері болашақ серіктесті талқылап, өзара қарым-қатынас туралы меморандумға қол қою мақсатымен Шымбұлақ курортына келді.
22 наурыз күні қарамағында Грузияның төрт курорты (Гудаури, Бакуриани, Местия, Годердзи) бар «Mountain Resorts of Georgia компаниясының өкілдері серіктестік мүмкіндіктерін талқылау үшін Шымбұлақ курортының басшылығымен кездесті. Кездесудің басты тақырыптары: Қазақстан мен Грузия арасындағы туристтік ағынды күшейту, сондай-ақ аймақтағы тау туризмін дамыту. Стратегиялық серіктестік екі курорттың танымалдылығын арттырып, белсенді өмір салтына қызығушылықты арттыруға бағытталды.
Делегацияның сапары аясында көшкін қауіпсіздігі тақырыбында тренингтер өткізілді. Ол кездесулерге француз нұсқаушысы Alexandre Meffre қатысты. Бұл сессиялар барысында Грузия командасына «AVALANCHER» көшкінге қарсы қорғану жүйесін тиімді пайдалану әдістері таныстырылды.
Сондай-ақ Шымбұлақ және Грузия командалары маркетингтік серіктестікті талқылап, Қазақстандағы Грузия күндерінің және Грузиядағы Қазақстан күндерінің іс-шаралары күнтізбесін бекітті. Бұл шаралар келушілерге екі елдің мәдениетімен, ұлттық асханасымен, ұлттық дәстүрлерімен, сондай-ақ туристтік мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік береді.
Екінші маңызды оқиға – 24 наурызда болған корейлік MONA Yong Pyong тау-шаңғы курортымен серіктестік туралы меморандумға қол қою болды. Олимпиадалық стандарттармен және жыл бойғы мүмкіндіктерімн белгілі бұл курорт Шымбұлақ тау курортының басшылығының назарына ілікті. Алдағы мүмкін болатын серіктестік және курорттар арасындағы тәжірибе алмасу 2018 жылдан бері талқыланып келеді, және бүгін ол серіктестік ресми түрде бекітілді.
Қол қойылған меморандумның аясында Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның арасында туристтер (15 000 адамға дейін) мен нұсқаушылар алмасуды белсендендіру жоспарланып отыр. Ол екі ел арасындағы тау-шаңғы туризмін дамытуға және спорттық алмасуды жақсартуға оң әсерін тигізеді.
«MONA Yong Pyong» ерекшелігі – тұрудан бастап ски-пасс және тамақтануға дейінгі курорттың барлық қызметін қамтитын туристтерге арналған «мембер картаны» енгізу. Бұл ерекше ұсыныс қазақстандық туристтер үшін де қызықты болмақ.
Бұл серіктестік туризмді дамытуға, белсенді демалыс пен спорт үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға ұмтылуды ерекшелендіре отырып, аймақтағы тау-шаңғы туризмін дамытудың жаңа көкжиегін ашады.