KEGOC Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2024 жылғы 2 мамырда өткізілетіні туралы хабарлайды

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 29 наурыздағы шешіміне сәйкес, Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша акт залында 2024 жылғы 2 мамырда 11 сағат 30 минутқа белгіленді.

Акционерлердің жалпы жиналысында келесі мәселелер қаралатын болады:

  1. «2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша «KEGOC» АҚ қаржылық есептемесін, «KEGOC» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, 2023 жылғы екінші жартыжылдық бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы»;
  2. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау туралы, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері мен төрағасын сайлау, сондай-ақ «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу мөлшері мен шарттарын айқындау туралы»;
  3. «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы»;
  4. «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініш білдіруі және оларды қарау қорытындылары туралы»;
  5. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының Есеп комиссиясының сандық құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  6. «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау және оның қызметтеріне ақы төлеу мөлшері туралы».

2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептемеге сәйкес KEGOC таза кірісі 43,4 млрд теңгені құрады, бұл алдын ала қорытындыдан 1,6% пайызға жоғары https://www.kegoc.kz/ru/press-center/press-releases/162762/.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша KEGOC акционерлерге 20,2 млрд теңге мөлшерінде таза пайданың 87,81%-ын төледі, бұл бір жай акцияға есептегенде 77,74 теңгені құрады.

KEGOC жылына екі рет дивиденд төлейді және таза пайданың кемінде 60%-ы дивиденд төлеуге жұмсалады. 2014 жылдан бастап Компания жалпы сомасы шамамен 238 млрд. теңгеге дивиденд төледі.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына арналған хабарлама келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.kegoc.kz/ru/for-investors-and-shareholders/raskrytie-informatsii/obshchie-sobraniya/