Halyk тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 1 млрд теңге бөлді

Halyk Bank және «Халық» қоры су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде өз қаражатынан 1 млрд теңге бөлу туралы бірлескен шешім қабылдады.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар негізін қалаған Halyk тобы және «Халық» қоры
мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларымен қатар, бұл жағдайға бей-жай қарамайтын азаматтар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен жасалып жатқан бұл қадам табиғи апаттың зардабынан тезірек қалпына келуге көмектеседі деп үміттенеді.

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарында болған жаппай су тасқыны салдарынан үйлер су астында қалды. Бүгінде 12 мыңнан аса адам эвакуацияланып, уақытша орналастыру пункттеріне жеткізілді.