Алматыда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды

Пункт Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылды. Гуманитарлық көмек мына тізім бойынша қабылданады:

— азық-түлік;
— ауыз су;
— медициналық препараттар және медициналық керек-жарақтар;
— киім (жылы киім, аяқ киім, іш киім, шұлық және т. б.);
— заттар (көрпелер, ұйықтайтын сөмкелер, жастықтар және басқалар);
— шаруашылық тауарлары (шатырлар, карематтар, термостар, шамдар, пауэрбанктер, шәйнектер, балалар ыдыстары, емізіктер, т. б.);
— Гигиена құралдары (жөргектер, әйелдер гигиенасы, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлықтар, дәретхана қағазы, жуғыш заттар және басқалар).

Мекен-жайы:
Байтұрсынов көшесі, 22/1
Қабылдау уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Байланыс нөмірлері: +7 747 821 64 78; 7 747 540 01 40