Абай облысында «Асыл мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығында ашық есік күні өтті

Абай облысы ББ «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығында аутизм проблемасы туралы ақпаратты таратудың Дүниежүзілік күніне арналған Ашық есік күні өтті.

Ашық есік күнін өткізудің мақсаты-қоғамның аутизм проблемасы, оның белгілері мен салдары туралы хабардарлығын арттыру, сонымен қатар аутизм мен аутизм спектрінің бұзылуы бар адамдарға көмектесу және олардың өмір сүру деңгейін арттыру қажеттілігін атап өту.

«Асыл Мирас» орталығының және онда қызмет атқаратын мамандардың жұмысы, материалдық-техникалық базасы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу әдістемелері таныстырылды.

 Орталықта АСД-ны анықтауға және балалардағы әлеуметтік, сөйлеу және тұрмыстық дағдылардың тапшылығын жоюға бағытталған жеке білім беру бағдарламасы енгізілді.

Жаңа орталық жылына 300 баланы қамтуға мүмкіндік береді және балалармен жұмыс істеуге 15 маман тартылған. Қазіргі уақытта орталық аутизм спектрі бұзылған 150-ден астам балаға қызмет көрсетеді. Сабақтар аутизм стандарттарына сәйкес «Аутизм. Баршамызға бір әлем» 6 интервенция бағдарлама аясында өткізіледі. 7 кабинет жиһаз, құрал-жабдықпен және оқу-әдістемелік құралмен толық жабдықталған. Әр баламен жұмыстың бір циклі 3 айға созылады және диагностикалық нәтижелер негізінде жеке таңдалады.

«Асыл Мирас» Аутизм орталықтарында балалар мен олардың ата-аналары сапалы психологиялық-педагогикалық көмек, әлеуметтік бейімдеу қызметтерін алады, ата-аналар балаларды дамыту және тәрбиелеу бойынша қолдау, көмек және кеңес алады. ADOS-2 аутизмді диагностикалаудың халықаралық алтын стандарты қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, 8 желтоқсанда Болат Өтемұратов Қоры облыс әкімдігінің қолдауымен Семей қаласында аутизм бойынша 13 «Асыл Мирас» орталығын ашты.