Абай облысы Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр
Бесқарағай ауылында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстары басталған.
Жаңа мектеп сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жаңа технологиялармен жабдықталады. Онда заманауи кабинеттер, спорт және акт залы болады.
Ауданда жаңа мектеп салу жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Бүгінгі таңда іргетас толығымен құйылып, бірінші қабатына кірпіш қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, облыста 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5700 орындық 11 жаңа мектеп салынады. Сонымен қатар Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, 2023-2027 жылдары 2600 орындық 6 шағын жинақталған мектеп және 6 мектеп ғимаратына қосымша құрылыс нысандарын салу жоспарланған.