«Приговор» («Үкім») драмасы екі апталық прокаттан 500 млн.тг-ден астам қаражат тапты
21 наурыздан бастап Қазақстан және Қырғызстанның кинотеатрларында режиссер Диас Бертістің толықметрлі дебюттік фильмі көрсетіле бастады. Қазіргі заманның өзекті тақырыбының бірі әділдіктің фильмнің өзегіне айналуы көрермен көңілінен шыққандағы соншалық көптеген адамдар «Приговорды» қайтара көріп, өзімен бірген туған-туыстары мен жора-жолдастарын ертіп әкелуде.
«Приговор-да» сот жүйесінде әділдіктің болмауы қандай қайғылы оқиғаларға соқтыратындығы көрсетіледі. Адамның шарасыз күйде қалуы, ашынуы, оның әділдікті өз бетінше орнатуға барынша әрекет ететіндігі де суреттеледі. Бұл жердегі ең қорқыныштысы – фильм сценарий авторының қиялынан емес, Ыстықкөл жағасындағы кішігірім қалада орын алған оқиға негізінде туындаған. Екі мыңыншы жылдар соңында Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік қызметінде офицер атанғысы келген қырғызстандық мектеп оқушысы Ақтан сот қызметінің әділетсіздігіне тап болады. Оның болашаққа деген арманы бір күнде күйрейді. Ақтанның әділ үкімге деген үміті үзіліп, кінәлі адамдардың жазасын алатындығына сенімі қалмайды. Бала кезден бергі досы Құбатпен бірге қолына қару алып, сот ғимаратын басып алады.
Бас кейіпкер орнында кез келген қарапайым бозбаланың болуы мүмкін еді. Тура осы жайт продюсерлердің осы уақиғаның фильм түрінде көпшілікке жетуіне түрткі болған.
«Қазіргі заманда әділдіктің болмауы күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Қырғызстандағы әріптестеріміздің осы уақиғаны естіген кезде бірден фильм түсіру қажет деген шешім қабылдадық. Адамның сотсыз, кінәліні өз бетінше жазалауы тығырықтан шығар жалғыз жол деп шешім қабылдауы қандай қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін екендігін көрсетуге бел будық» дейді фильм продюсері Анар Жүнісова.
«Приговор», «Черный двор» секілді Қазақстан мен Қырғызстанның бірлескен жобасы. Продюсер Анна Чакиртова қазақстандық және қырғызстандық кинематографистердің әріптестігі бүгінде ерекше маңызға ие екендігіне сенімді: «Халықаралық қақтығыстардың күрделі кезеңінде, елдер арасында мәдени «көпірлер» орнату аса қажет деп білеміз. Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасы ғана ортақ емес. Екі халықтың ділі ұқсас, өткен тарихы да ұқсас. Ал, фильміміз біздің қарым-қатынасымызды нығайтуда өз әсерін тигізетіндігіне сеніміз мол» дейді.
«Приговор» драмасының көрсетілімі Қазақстан мен Қырғызстанның кинотеатрларында жалғасып жатыр. Наурыз айындағы мереке кезінде бара алмасаңыздар, сәуір айында көру мүмкіндігі бар.