Футболшылар тасқыннан зардап шеккен отандастарымызға қолдау білдірді

Бүгін бірінші лига командалары жарысқа түсетін ел чемпионаты басталды.

2024 жылғы футбол маусымының алғашқы матчында алаңға Оралдың «Ақжайығы» мен Павлодар облысының «Екібастұз» футбол клубы шықты.

Орал қаласында бастау алған ойын алдында тасқын судан жапа шеккен жерлестеріне қолдау білдіргісі келген оралдық футболшылар алаңға елді бірлікке шақырған «Күшіміз бірлікте» деген жазуы бар баннер алып шықты.

«Ақжайық» ойыншыларының бастамасын «Екібастұз» футболшылары да қолдады.

Осылайша елде орын алған жағдайға бей-жай қарай алмайтынын көрсеткен футболшылардың ісін футбол жанкүйерлері оң бағалады.