Ерлік күнінде қаза тапқан жауынгерлерге тағзым көрсетілді

1995 жылы 7 сәуірде қаза тапқандарды еске алу шарасы өтті. Тура 29 жыл бұрын 7 сәуірде Памир тауындағы Пшихавр шатқалында бес сағатқа созылған қарулы қанды қақтығыс кезінде ішкі әскердің 17 жауынгері ерлікпен қаза тауып, 33-і ауыр жарақат алды.

Содан бері жыл сайын 7 сәуір – Ерлік күні болып саналады. Қазақстандық батальонның құрамында тәжік-ауған шекарасын күзеткен шекарашылар қаза тапқан жауынгерлердің есімдерін ұлықтауды дәстүрге айналдырған.

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің   Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы тәжік-ауған шекарасының ардагерлерімен бірге 7 сәуірде ерлікпен қаза тапқан Ұлттық ұланның 17 сарбазын еске алды.

Шарада сөз сөйлеген запастағы полковник С.Жағабаев сол жылы жат елдің шекарасын күзетуге аттанған 7-ші ротаның дәрігері болып тағайындалған болатын. Шекарашы сардар Пшихавр шатқалында бес сағатқа созылған қарулы қанды қақтығыс туралы өзінің естеліктерімен бөлісті.

Бұдан әрі ардагерлер мен шекара басқармасының жеке құрамы жат елдің шекарасын қорғау кезінде қаза тапқан жауынгерлерге қойылған ескерткіштің басына гүл шоқтарын қойып тағзым жасады.

Сондай-ақ Ерлік күніне орай өткізілген шаралар департаменттің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында да өз жалғасын тапты.