Наурыз айында Орал қаласы жол-көлік апаттары бойынша ең қауіпті қала атанды
Kerimbayev.com қосымшасы үшін әзірленген Index DTP.kz жол-көлік оқиғаларының индексі 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан қалаларында апаттардың орташа көрсеткіші 4,6 болғанын көрсетті. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 0,7 баллға төмен.
Наурыз айында республика бойынша жол-көлік оқиғаларының ең жоғары деңгейі Орал қаласында тіркелді, ол 8,6 баллды құрады. Ақтөбе қаласы апаттылық көрсеткіші бойынша 8,4 балл деңгейімен екінші орынға тұрақтады. Наурыз айында жол апаты ең көп орын алған жетекші үш қалаға әрқайсысы 8,2 баллмен Жезқазған мен Қостанай кіреді. Олардан кейін 7,9 балл көрсеткішімен Атырау қаласы төртінші орында тұр.
Наурызда республика бойынша апаттың ең төменгі орташа көрсеткіші Курчатов қаласында тіркелді – 2,3 балл. Қалада халық саны 12 000-нан сәл ғана асады және наурыз айындағы бұл көрсеткіш халық тығыздығының төмендігімен байланысты екенін атап өтуге болады.
Республикалық маңызы бар қалалар бойынша Астана 8 ұпаймен көш бастады. Одан кейінгі орында 6,1 ұпаймен Алматы тұр, Шымкент 4,6 апаттық көрсеткішті көрсетті.
Елдегі ең жоғары жол-көлік оқиғасы 16 наурызда болды және 231 баллды құрады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, бұл күні еліміздің батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы байқалып, жауын-шашынды болды. Ақмола облысында аздаған жауын-шашын, көктайғақ, қар жауды. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауып, тұман түсті.
Index DTP.kz деректері бойынша наурыздағы апаттың ең жоғары деңгейі екі кезеңде болды: 14-22 наурыз және 29-31 наурыз аралығы.
DTP.kz индексі бойынша елдегі ең аз апатты күн 27 наурызда болды – жалпы республика бойынша 157 балл.
Index Dtp.kz сақтандырушыларға ғана емес, көлік иелеріне де өте ыңғайлы. Оның көмегімен сіз тұрғылықты қалаңызда да, елдегі басқа қалаларға саяхаттау кезінде де саяхат маршрутыңызды жоспарлай аласыз.
«Бұл әзірлеме Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының жалпы көрінісін түсінуге және бақылауға көмектеседі. Ол жылдың белгілі бір уақытында, белгілі бір қаладағы апаттар санына қандай факторлар әсер ететінін және оған баға беруге мүмкіндігін көрсетеді. Индекс деректерін талдау теориялық тұрғыдан жол-көлік оқиғасының санын, яғни адамдар мен мүлікке келтірілген залал деңгейін төмендетуге көмектесетін себептерді көрсете алады», — деп атап өтті сақтандыру нарығының қатысушыларына арналған Kerimbayev.com қосымшасының авторы, «Freedom Insurance» СК АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев.