Балалар Handmade: алматылық оқушылар мыңнан астам құс ұясын жасады

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Family саябағында құс ұясының көрме-жәрмеңкесі өтті. Бұл акция экологиялық белсенділікті насихаттау және өскелең ұрпаққа табиғатты аялау мен қорғауды үйрету мақсатында өтті.

Науқанға Әуезов ауданының DamuBala шығармашылық үйірмелеріне қатысатын 200-ден астам бала қатысты. Балалар саябақта құс ұяларын орнатты, артынша ҚР Мәдениет қайраткері Тоқтар Серіков қатысқан концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Айта кететін нәрсе, «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны басталғалы бері қаланың барлық мектебінде «Құстарға ұя сыйлайық» деген челлендж өтті. «Технология» сабағында оқушылар мыңнан астам құстың ұясын жасады. Олар мектептердің ауласына, саябақтар мен скверлерде орнатылды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.