Тазалық – денсаулық кепілі
13-сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму мақсатының «Таза су және санитария» атты 6-тармағын жүзеге асыру аясында «Таза Қазақстан» республикалық акциясына заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистика кафедрасының 6В12301 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы 1 курс студенттері – 111 тобының білім алушылары мен топ эдвйзері С.Ш. Даубасова бірге қатысып, белсенділік танытты. Тазалық – аудан шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ізгі ниетті басшылыққа алған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы мен оқытушылары, студенттері «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында унивенрситет аумағын қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылған эклологиялық іс шараның жұмыстарына жұмыла кірісті.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ. Атап айтқанда Акция 5 кезеңнен тұрады: 1. «Таза өлке» апталығы (6-13 сәуір); 2. «Киелі мекен» апталығы (14-20 сәуір); 3. «Жасыл аймақ» апталығы (21-27 сәуір); 4. «Өнегелі ұрпақ» апталығы (28 сәуір — 4 мамыр); 5. «Мөлдір бұлақ» апталығы (5-11 мамыр) атты тақырыптық бағыттарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әр түрлі іс-шаралар өз жалғасын табады. Табиғатты қорғау — табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен — кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Даубасова С.Ш.,
Заң факультетінің қылмыстық құқық,
қылмыстық іс жүргізу және криминалистика
кафедрасының аға оқытушысы