Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы беріледі
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға ай сайынғы мемлекеттік көмекке кепілдік беріледі. 2024 жылы Алматы облысында 32 521 адам мүгедектік бойынша жәрдемақы алады.
Сондай-ақ, мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға ҚР азаматтары да, шетелдіктер де, азаматтығы жоқ адамдар да өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан құқылы.
Бiр мезгiлде әртүрлi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бiр ғана жәрдемақы тағайындалады.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті бөлімшесіне жүгінуге болады. Өзіңізбен бірге өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, мүгедектігі туралы анықтама және банктік шот туралы мәліметтер болуы қажет. Әр түрлі жағдайларда өтініш берушіден қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.
2024 жылғы мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері:
жалпы аурудан мүгедектерге:
I топ — 95 496 теңге,
II топ — 76 397 теңге,
III топ — 52 089 теңге,
жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға-69 886 теңге,
I топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға-95 496 теңге,
II топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға-79 435 теңге,
III топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға-69 886 теңге,
бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар адамдарға -95 496 теңге,
бала кезінен II топтағы мүгедектігі бар адамдарға -79 435 теңге,
бала кезінен III топтағы мүгедектігі бар адамдарға -69 886 теңге.