Алматыда Халықаралық Француз Сауда-өнеркәсіп палатасының семинары өтті
Францияның Халықаралық Сауда-өнеркәсіп палатасының (CCI France International) мүшесі болып табылатын Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағының сауда-өнеркәсіп палаталарының Бас директорларының семинарын өткізу құрметіне ие болды.
Үндістан, Австралия, Тайвань, Малайзия, Жапония, Макао, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Қытай, Индонезия, Өзбекстан, сондай – ақ Иль-де-Франс, Гранд Эст, О-Де-Франс өңірлерінің 14 Француз СӨП Бас Директорлары Алматы қаласында CCI France International-дың жыл сайынғы семинары аясында кездесті.
Қазақстан үшін бірегей бұл іс-шара өзгермелі әлемдегі жаңа сын-қатерлерді талқылау алаңына айналды және Францияның Сауда-өнеркәсіп палаталарының халықаралық байланыстарын нығайтуға жаңа серпін берді. Француз сауда-өнеркәсіп палаталарының бас директорлары тек даму стратегияларын талқылап қана қоймай, сонымен қатар Францияның Сауда-өнеркәсіп палаталарының халықаралық желісінің (CCI Françaises à l’International (CCI FI)) динамикалық Азия-Тынық мұхиты аймағындағы болашағы туралы тәжірибе, идеялар және көзқарастармен алмасты. Сонымен қатар, Азия-Тынық мұхиты өңірінің Француз СӨП бас директорлары мен Франция өңірлерінің өкілдері Қазақстанмен танысуға, оның нарықтық және инвестициялық әлеуетін зерделеуге тамаша мүмкіндікке ие болды.
Халықаралық Француз Сауда-өнеркәсіп палатасының (CCI France International) әлемнің 94 еліндегі 119 француз сауда-өнеркәсіп палатасының қызметін біріктіреді және үйлестіреді. CCI France International рөлі Францияда және шетелдегі Француз СӨП мүдделерін білдіру, сондай-ақ оларды хабардар ету және ынтымақтастықты ынталандыру, олардың арасындағы тәжірибе мен біліммен алмасу мақсатында шетелдегі Франция СӨП желісін басқару болып табылады. CCI France International өзі мүше болып табылатын CCI International қауымдастығы арқылы француз СӨП желісімен ынтымақтастықты дамытады. Сонымен қатар, CCI France International міндеттеріне Францияның шетелдегі Сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметтерін Францияның және шетелдік іскерлік қауымдастық ішінде танымал ету және іскерлік қарым-қатынасты нығайту мақсатында, олардың саясаты мен қызметін үйлестіру, Францияның Сауда және Өнеркәсіп Палаталарын шетелде нығайту және ілгерілету жолдарын әзірлеуге жетекшілік ету кіреді.
Францияның сауда және өнеркәсіп палаталарының халықаралық желісі CCI Françaises à l’International (CCI FI) — Франциямен байланысқа ие француз және шетелдік компаниялардың әлемдегі жетекші желісі.
Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы Франция мен Қазақстан арасындағы сауда қатынастарын кеңейту және нығайту мақсатында француз компаниялары мен олардың өкілдіктерін, сондай-ақ қазақстандық компаниялар мен Қазақстандағы ірі халықаралық корпорацияларды біріктіреді. Палатаның 60-қа жуық француз, қазақстандық және халықаралық компаниялардан тұратын, Қазақстанда 15 000-ға жуық жұмыс орнын құрайтын, мүшелерге ие.
2016 жылы Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының құрылуы Қазақстан мен Франция арасындағы іскерлік қарым-қатынастардың дамуындағы жаңа кезең болды. 2018 жылы Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы 94 елдегі 119 палатамен ұсынылған Францияның Халықаралық сауда-өнеркәсіп палатасына қосылды. 2024 жылдың мамыр айында Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасына 8 жыл толды.