Абай облысы оқушылары робототехникадан Италия еліндегі әлем чемпионатына қатысады

«ROBOTEX TÜRKIYE 2024» халықаралық олимпиадасында «Жас Ұлан» ерлер лицейінің командасы «Robot technologies» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ал «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей оқушылары «Judges Choice Award» номинациясын жеңіп алды.

Жарысқа 9 елден 400-ден астам команда және 3000-нан астам қатысушы қатысты.  Қазақстаннан 34 команда аттанды.

Облыс намысын қорғаған екі команда өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды. Екі команда да биыл қараша айында Италияның Рим қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

«Robotex» — робототехника саласындағы инновацияларды көтермелеу, жас таланттарды қолдауға бағытталған  әлемдегі ең ірі робототехника жарыстарының бірі.

Команда мүшелері: ⁠ Еркебұлан Нұрмұқашев, Нұрали Дюсембеков,  ⁠ Закария Икласов, Алимжан Раимжан және Ерасыл Сеилқанов.

Команда жетекшілері Сәкен Асқарбек,  Мадина Калбагаева.

Айта кетейік, командалар наурыз айында Астана қаласында өткен халықаралық «ROBOTEX» чемпионатына қатысты. 240 команда қатысқан чемпионатта Түркия еліне жолдама ұтып алған.