Абай облысының 9 мұғалімі үздік атанды

Абай облысында «Үздік педагог – 2025» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Байқауға аудандық (қалалық) кезеңдерден іріктелген 19 педагог қатысты. Оның ішінде аудан мектептерінен – 12, облыстық мамандандырылған мектептен – 1, колледждерден – 6 мұғалім бар.
Конкурстық комиссия шешімі бойынша 100 ұпайдың кемінде 80 пайызын жинаған 9 педагог жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.
Облыстық кезең жеңімпаздары:
Гүлмира Жұмабекова – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия, тарих пәні мұғалімі
Меруерт Кунусова – Аягөз ауданы, Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы, физика пәні мұғалімі
Ақмарал Құсбекова – Бесқарағай ауданы, Бесқарағай колледжі, арнайы пәндер оқытушысы
Шыңғыс Шынарбек – Семей қаласы, Электротехникалық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы
Асхат Мұханов – Семей қаласы, Р. Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы
Асем Азаматова – Семей қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия, бастауыш сынып мұғалімі
Наталья Елюбаева – Бородулиха ауданы, Жезкент мектеп-лицейі, информатика пәні мұғалімі
Алуа Аубакирова – Абай ауданы, Әбенов атындағы ЖОББМ, бастауыш сынып мұғалімі
Гүлшат Тайгулова – Абай ауданы, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, математика пәні мұғалімі.
Бұл педагогтер республикалық кезеңде Абай облысының намысын қорғайды. Облыс құрылғаннан бері өңірдің 8 ұстазы «Үздік педагог» атағын иеленді.
Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі



