Air Astana Алматыдан Тель-Авивке алғашқы рейсті орындады

7 қыркүйекте, Air Astana әуекомпаниясы «Алматы-Тель-Авив» бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады. Рейстер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күндері Airbus A321LR жайлы ұшағымен орындалады. Алматыдан рейстің ұзақтығы — 6 сағат 45 минут, ал Тель-Авивтен — 5 сағат 50 минут.

Тель-Авив — Жерорта теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Израильдің екінші үлкен қаласы. Қала жақсы күтімді жағажайларымен, әртүрлі тағамдарымен, соның ішінде вегетариандық, тамаша шарап зауыттарымен, көптеген мұражайларымен танымал. Бұл қалада Таяу Шығыстағы ең үлкен ашық базарлардың бірі орналасқан. Тель-Авив инновациялар және медициналық туризм саласындағы алдыңғы қатарда. Жаңа тікелей рейс арқасында туристер бір күнде Қызыл, Өлі және Жерорта теңіздерін, үш діннің ортасы Иерусалимді, мұсылман әлемінің қасиетті мекендерінің бірі — Әл-Ақса мешіті орналасқан Негев шөлін, Эйлат тауларын және Ғибадатхана тауын көре алады.

Израильге кіру үшін қазақстандықтарға виза қажет екенін еске саламыз. Осы бағыт бойынша бару-қайту билеттері эконом-класта 269 000 теңгеден бастап, ал бизнес-класта 679 000 теңгеден бастап қолжетімді. Тель-Авивтен ұшатын жолаушыларға қауіпсіздік рәсімдерінен өту үшін әуежайға ұшу жоспарланған уақыттан 3 сағат бұрын келуі абзал. Рейске тіркелу ұшуға 1 сағат бұрын жабылады.