Air Astana дарынды балаларды қолдау мақсатында Zhas Kyran атты әлеуметтік жобаны іске қосады

2023 жыл бойы Air Astana әуекомпаниясы жас қазақстандықтардың халықаралық шығармашылық, спорттық, зияткерлік жарыстар мен байқауларға қатысу үшін ай сайын бес грант бөледі. Грант бір балаға және бір еріп жүретін адамға эконом-класста барып/қайтатын әуебилетті білдіреді.

«Air Astana қызметі көбінесе еліміздің адами әлеуетін дамытуға, соның ішінде дарынды жастарға көмектесуге арналған, — дейді компанияның корпоративтік коммуникациялар жөніндег вице-президенті Белла Тормышева. – Zhas Kyran жобамыз спорт, өнер, ғылым және басқа да саладағы талантты жастарды қолдауды мақсат етеді».

Грант алуға өтінішкерлерде 7 және 17 жас аралығындағы Қазақстан азаматтығы және жарысқа (байқауға, олимпиадаға және т.б.) ресми шақыруы болуы керек. Өтініштерді жоспарланған сапардан екі ай бұрын zhaskyran@airastana.com мекенжайына жіберу тиіс. Өтініштердің барлығын білім және қайырымдылық саласынан кәсіпқойлардан және жұрналистерден тұратын тәуелсіз қазылар алқасы қарайды.

Zhas Kyran туралы Ереже және өтініш формасы  сілтемесі бойынша қол жетімді.