Air Astana елордалық оқушыларға арналған кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Air Astana әуекомпаниясы РФМШ және Spectrum International School оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. 20-ға жуық оқушы авиация саласымен жақынырақ танысуға және еліміздің ең ірі әуекомпаниясындағы мансаптық өсу болашағы туралы білуге мүмкіндік алды.
Кездесу барысында Air Astana мамандары жасөспірімдерге ұшқыш, авиаинженер және бортсерік мамандықтарының ерекшеліктері туралы айтып берді, сондай-ақ компанияның білім беру бағдарламаларын: ұшқыштар даярлауға арналған Ab-initio және авиаинженерлерге арналған Apprentice бағдарламаларын таныстырды.
Air Astana әуекомпаниялары тобының бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел атап өткендей:
«Бүгінгі таңда 304 адам Ab-Initio бағдарламасының түлегі болды, оның 93-і әуе кемесінің командиры болды. Біз сондай-ақ Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) стандарттары бойынша инженерлерді даярлаймыз. Осы мүмкіндіктерге шын ниетімен қызығушылық танытқан жастарды көру — біздің командамыз үшін үлкен қуаныш».
Оқушылар арасында Air Astana-ның Ұшуға даярлау орталығы ерекше қызығушылық тудырды. Кәсіби ұшқыштар сертификаттаудан өтетін толық пилоттық жаттықтырғыш балаларға өзін нағыз ұшқыш ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Кездесуге қатысушылар алған әсерлерін бөлісіп, болашағын авиациямен байланыстыруға деген ниеттері нығайғанын айтты.
Кездесу соңында әрбір қатысушыға әуекомпанияның естелік сыйлықтары табыс етілді. Air Astana адами капиталды дамытуға инвестиция салуды жалғастыра отырып, кәсіби биіктерді бағындыруға дайын қазақстандық мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға өз үлесін қосып жатыр.
Air Astana баспасөз қызметі




