Air Astana Қызылорда мен Шымкент қалаларына рейстерді жандандырады

Air Astana 12 маусымнан бастап әр бағыт бойынша аптасына үш рет Астана-Қызылорда және Астана-Шымкент бағытындағы тікелей рейстерді жандандырады. Астанадан рейстер жұма, сенбі және жексенбі күндері, ең көп сұранысқа ие күндері AirbusA320 әуе кемелерімен жүзеге асырылады. Өзекті кестемен әуе компаниясының сайтында танысуға болады.
Билеттерді ресми сайтта және Air Astana мобильді қосымшасында, сондай-ақ аккредиттелген туристік агенттіктерде сатып алуға болады.




