Air Astana ойын-сауық жүйесі үшін APEX сыйлығымен марапатталды

Air Astana APEX cыйлығының «Орталық және Оңтүстік Азиядағы үздік ойын-сауық жүйесі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сыйлықты марапаттау рәсімі 27 сәуірде Ыстамбұлда өтті. Әуетасымалдаушы екінші жыл қатарынан осындай марапатқа ие болды.

APEX сыйлығы — бұл компанияның 20 жыл бойы үздіксіз жетілдіріп жатқан борттық қызметінің жолаушылардың берген жоғары бағасы. Әуекомпания әр жолаушының саяхатын қызықты және пайдалы жасауға тырысады. Air Astana бортында әртүрлі тілдердегі әлемдік киноиндустрияның жаңа туындыларын ғана емес, сонымен қатар таңдаулы деректі фильмдерді де көруге болады; борттық медиатекада қазақстандық режиссерлердің жаңа фильмдері кеңінен ұсынылған; балалар секциясы қазақ тіліндегі жаңа бағдарламалармен және контентпен үнемі толықтырылып отырады. Өткен жылдан бері бортта есту қабілеті нашар адамдарға және нашар көретін жолаушылар үшін «Қолжетімділік» жеке секциясы, ал осы жылдың басынан бастап қазақ және орыс тілдеріндегі танымал подкасттар пайда болды.

Air Astana борттық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Елена Обухова:
«Біз саяхатшылар бағалайтын үздік борттық қызметті ұсынатын әлемдегі жетекші әуекомпаниялардың қатарында болуды мақтан тұтамыз. Жолаушылардың ұшу қауіпсіздігімен қатар олардың жақсы көңіл-күйіне жауап бере отырып, біз сапарды жағымды және пайдалы ойын-сауықтармен толтыруға тырысамыз, мысалы: фильмдер мен сериалдарды көру, подкасттар мен музыканы тыңдау және т.б. Әуекомпания нарықтағы трендтерді үнемі талдап отырады және жолаушыларымыздың не көргісі келетінін мұқият қадағалайды. APEX — тің тағы бір сыйлығы — бұл күш-жігердің нәтижесі»

APEX (Airline Passenger Experience Association) — жаһандық коммерциялық емес ұйым және әлемдегі ең ірі әуекомпаниялардың халықаралық қауымдастығы жыл сайын жолаушыларды бағалау арқылы авиаиндустрияда марапаттар береді. Пікірлер TripIt — саяхатты ұйымдастыруға арналған ең танымал қосымшасы көмегімен жиналады. Бағалау бес санатқа бөлінеді: креслолардың ыңғайлылығы, борттық қызмет көрсету, тамақ пен сусындар, ойын-сауық жүйесі және Wi-Fi.