«Ақберен» өнер байқауының жеңімпаздары анықталды

ҚР оқу-ағарту министрлігі «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен 24-26 қараша аралығында Ақтау қаласында шығармашыл оқушылар арасындағы Х республикалық «Ақберен» өнер байқауына Алматы облысынан 6 оқушы қатысты.

Нәтижесінде «Көркемсөз оқу» бағыты бойынша Жамбыл ауданы Айдарлы орта мектебінің оқушысы Аскербек Алдияр І дәрежелі дипломмен,

«Шешендік, білгірлік сайысы» бойынша Қарасай ауданы Абай №2 орта мектебінің оқушысы Қалдыбек Нұр ІІ дәрежелі дипломмен,

«Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша, Ұйғыр ауданы Шошанай орта мектебінің оқушысы Бекмуханова Сырғалым ІІІ дәрежелі дипломмен,

«Ақындар айтысы» бағыты бойынша, Қарасай ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Қанатбаева Мәншүк арнайы дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарымыз сондай-ақ, бағалай сыйлықтарды иеленді.

150 ге жуық оқушы қатысқан айтулы додада командалық есепте Алматы облысының қатысушылары оқ бойы озық шығып, командалық І орын және 300 мың теңгелік ақшалай сыйлыққа ие болды.