Ақпан айында Ақтөбе мен Қарағанды қалаларында апаттың ең жоғары деңгейі тіркелді

Kerimbayev.com қосымшасы үшін әзірленген DTP.kz жол-көлік оқиғалар индексіне сәйкес, ақпан айында Қазақстан қалаларында апаттың орташа көрсеткіші 5,3-ті құрады. Индекс нөмірі апат дәрежесін көрсетеді, мұнда 1 ұпай — ең төменгі деңгей, 10 ұпай — ең жоғары. Индекс ауа райы деректерін ескереді — жаңбыр ықтималдығы, жел жылдамдығы, жауын-шашын түрі және т.б. Сонымен қатар қалада орын алып жатқан апаттар саны да есепке алынған. Жалпы алғанда, индекс ел бойынша 40 қалада бақыланады.

Ақпан айында республика бойынша апаттардың ең жоғары деңгейі Ақтөбе мен Қарағанды қалаларында тіркелді. Екі қалада да 9,2 баллды көрсетті. Ақпан айындағы жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші бойынша екінші орында Қостанай қаласы тұр, бұл көрсеткіш 9,1 баллды құрайды. Ақпан айында 8,9 баллмен апат деңгейі ең жоғары қалалардың үштігін Атырау аяқтады. Одан кейін 8,8 баллдық көрсеткішпен Астана және 8,7 баллдық көрсеткішпен Орал қаласы тұр.

Бір қызығы, Алматыда жолдардың кептелісі мен көлік қозғалысының көптігіне әрі қыстың соңғы айында жиі жауған қарға қарамастан, апат көрсеткіші 7 баллмен тұрақтады. Республикалық маңызы бар қалалардың көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, олардың ішіндегі апаттық көрсеткіші ең азы Шымкентте тіркелген – 3,4 балл.

Аталмыш кезеңдегі республика бойынша ең төменгі апатты көрсеткіш Қонаевта тіркелді. Ол 1,8 балл болды. Қонаев – 60 мыңнан сәл асатын халқы бар шағын қала. 2022 жылдың маусымында ол облыс орталығына айналды және бұл мәртебе болашақта халық тығыздығы мен жол қозғалысының өсуіне, демек, жол-көлік оқиғасы деңгейінің өсуіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Өткен айда Қазақстанда ең қауіпті күн 17 ақпан болды. Бұл күні Қазақстан бойынша апаттың жалпы көрсеткіші 248 баллды құрады. Қазгидрометтің хабарлауынша, ақпанның 8-і мен 24-і аралығында Қазақстанның солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлеріндегі көптеген қалаларда күшті қарлы боран соқты. Осы себепті бұл аймақтардағы көптеген бағыттар жабылып, Алматы мен Астана әуежайларында бірнеше сағаттарға рейстердің кешігуі байқалды. Ақпандағы қолайсыз ауа райының шарықтау шегі 9-20 ақпанда болды, бұл DTP.kz индексінде көрсетілген.

Index DTP.kz мәліметі бойынша, елдегі апат деңгейі ең төмен болған күн 7 ақпан болды. Бұл күні Қазақстан қалаларында жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 112 болды.

Index Dtp.kz  тұрғылықты қалада да және басқа қалаларға жолға шығатын автокөлік иелері үшін де ыңғайлы.

Index Dtp.kz арқасында Қазақстандағы апаттардың жалпы көрінісін түсінуге және бақылауға болады. Ол жылдың белгілі бір уақытында, белгілі бір елді мекендегі жол-көлік оқиғаларының санына әсер ететін факторларды көрсетеді. Индекс деректерін талдау теориялық тұрғыдан жол-көлік оқиғаларының санын және адамдар мен мүлікке келтірілген залал көлемін азайтуға көмектесетін себептерді анықтауға мүмкіндік береді. Жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші нарық қатысушыларын да, қарапайым көлік иелерін де қызықтыруы мүмкін. Бұл оларға өз маршруттарын нақты құруға және жоспарлауға көмектеседі», — деді қосымшаның авторы, «Freedom Insurance» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев.