АҚШ Қазақстанда әйелдер спортын, олардың мүмкіндіктерінің кеңеюін қолдайды

Астанаға сапары аясында, 5 қараша күні, АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу қазақстандық әйелдер мен қыздарды өзін-өзі қорғауға үйрететін жаттықтырушылар тобымен кездесті.

Жаттықтушылар  “Өзін-өзі қорғау арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту” бағдарламасы мен 2020 жылы АҚШ-тың алмасу бағдарламасының түлектерімен ұйымдастырылған  «Батыл қыздар» жобасының қатысушылары. Аталмыш жоба 80-нен астам қазақ қыздары өзін-өзі қорғауға үйретіп, қыздардың өздеріне деген сенімділігін арттырды.

Қорғаныс жаттығуларынан кейін, мемлекеттік хатшының көмекшісі Лу мұз үстіндегі жас спортшыларға қосылып, олардың шайбалы хоккей ойынын тамашалады.

Хоккейші қыздар тобы — АҚШ миссиясы қаржыландыратын жергілікті хоккей лигасы бағдарламасының және қазақстандық кәсіби хоккейші Бибігүл Қартанбай негізін қалаған “Әйелдер хоккей академиясының” мүшелері. Америка Құрама Штаттары Қазақстандағы әйелдердің қатысуымен өтетін спорт түрлерін, әйелдердің мүмкіндігінің кеңеюін мақтанышпен қолдайды.

6 қараша күні  АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу  АҚШ пен Қазақстан арасында стратегиялық әріптестікті кеңейту бойынша диалогтың басқосуына қатысты.

Мемлекеттік хатшының көмекшісі Лу АҚШ-тың Орталық Азияға сапарлайтын делегациясына жетекшілік етеді. Делегация қыркүйекте C5+1 форматында өткен алғашқы президент деңгейіндегі саммиттің және қазанда Өзара байланыс бойынша C5+1 министрлік отырысының жетістіктерін бекітпек.