АҚШ пен «Шеврон» Қазақстан жастарына арналған STEAM саласындағы тегін мейкерспейстер бағдарламасының мерзімін ұзартады

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы мен «Шеврон» компаниясы «Мейкерспейс Кеңейеді!» бағдарламасы аясындағы серіктестіктің табысты нәтижелерін атап өтіп, бірлесе атқарған жұмысты жалғастыруға ниетті екендерін растайды. Қазақстан жастары үшін STEAM-білім беру саласында жаңа мүмкіндіктер ашуда қол жеткізген нәтижелерге сүйене отырып, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули М. Стафтт пен «Шеврон Евразия» компаниясының президенті Дерек Магнесс өзара түсіністік туралы жаңартылған Меморандумға қол қойды. Бұл келісім бағдарламаны алдағы үш жылға ұзартып, серіктестіктің жаңа кезеңін айқындайды.
Серіктестік 2020 жылы бастау алып, STEAM саласындағы практикалық білім мен дағдыларлы жетілдіруді көздейді. Осы мақсатта Қазақстандағы Америкалық бұрыштар негізінде Makerspace кеңістіктері ашылды. Бұл – қатысушыларға тегін, шығармашылық пен модельдеуге арналған инновациялық алаңдар. Бүгін мейкерспейс желісі Қазақстанның жеті қаласын қамтиды, солардың ішінде Астана, Алматы, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Павлодар және Петропавл қалалары. Жоба басталғаннан бері оған 54 мыңнан астам қазақстандықтар қатысып, олар үшін 2300-ге жуық шеберлік сыныптары мен оқу курстары өткізілді.
Меморандумның мерзімін ұзарту арқылы АҚШ Дипломатиялық миссиясы мен «Шеврон» компаниясы қол жеткізілген табыстарды одан әрі дамытып, бағдарламаның аясын кеңейтіп және Қазақстандағы Америкалық бұрыштар желісіндегі Makerspace технологиялық кеңістіктеріне қолжетімділікті біртіндеп арттыра алатын болады.
Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джули М. Стаффт:
«Біз серіктестігімізді жалғастыруға және Қазақстан жастарының заманауи технологиялар мен жаңа дағдыларды меңгеруіне, өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндіктерінің кеңеюіне үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз. Олардың ізденімпаздығы мен шығармашылық көзқарасы нақты жобаларға ұласатынына кәміл сенеміз»
Мейкерспейстер мектеп оқушылары, студенттер және жас мамандар үшін ашық. Барлық алаңдар заманауи құралдармен жабдықталған. Тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жастар сұранысқа ие бағыттар бойынша тегін білім ала алады, оның ішінде:
- Робототехника және жасанды интеллект (суперинтеллект);
- 3D-модельдеу және бағдарламалау;
- Зымыран жасау және қолданбалы шығармашылық.
Бұл бастама АҚШ Үкіметі мен «Шеврон» компаниясының Қазақстанның өскелең ұрпағына инвестиция салу бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелерін көрсетеді. Жоба жастардың бойында табысты мансап құру және елдің инновациялық экономикасының дамуына үлес қосу үшін қажетті сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс сияқты практикалық дағдыларын жетілдіруді көздейді.



