ALA Nauryz 2026: адамдарды біріктірген мереке

Алматы халықаралық әуежайы қызметкерлер мен қала тұрғындары үшін «ALA Nauryz 2026» атты Наурыз мейрамына арналған жарқын мәдени іс-шара ұйымдастырды. Ашық аспан астында өткен бұл мереке Түрксіб ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта өтті. Мерекеге шамамен мыңға жуық адам жиналды. Іс-шараға сондай-ақ әуежай серіктестері, әуекомпаниялардың, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қонақтар үшін ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, шеберлік сабақтары және дәстүрлі қазақ тағамдары ұсынылған ауқымды мәдени ойын-сауық бағдарлама ұсынылды.
Іс-шарада Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде, операциялық кестелердің күрделілігіне қарамастан, әуежай үшін бұл мерекені жоғары деңгейде өткізу және оны қала тұрғындары үшін барынша қолжетімді ету, аса маңызды болғанын атап өтті.
_«Біз үшін Наурызды ауқымды, жан-жақты ойластырылған, және ең бастысы жиналған қонақтар үшін қызықты етіп өткізу маңызды болды. Баршаңызды осы жарқын мерекемен құттықтаймын. Жаңа жыл баршаңызға береке, зор денсаулық және жаңа мүмкіндіктер әкелсін. Біз үшін қаланың өмірінің бір бөлігі болу, осындай бастамаларды қолдау және адамдарды біріктіретін жағдай жасау маңызды»_,– деді әуежай президенті.

Іс-шараның басты қызығы – әуежай қызметкерлерінің арасында өткен киіз үйлер байқауы болды. Байқау аясында сегіз киіз үй қатысып, бақ сынады. Сайыста киіз үйлер безендірілуі мен ұлттық нақышқа сәйкестігі, дәстүрлі тағамдар және сахналық қойылымдар критерийлері бойынша бағаланды. Сахнада кеңінен танымал салт-дәстүрлер – «құда түсу» мен «қыз ұзату», сондай-ақ біртіндеп ұмытылып бара жатқан дәстүрлер – «тоқым қағар», «жылу жинау» және «қонақ кәде» көрсетілді. Осылайша, мереке тек жарқын мәдени іс-шара ғана емес, сонымен қатар ұлттық мұраны сақтау мен ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын еске салды.
«ALA Nauryz 2026» іс-шарасын өткізу Алматы халықаралық әуежайының әлеуметтік жауапкершілік саясатын жүзеге асыру және жергілікті қоғаммен өзара байланысты нығайту жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Компания қалалық ортаны дамытуға, мәдени құндылықтарды насихаттауға және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде қолдайды. Олардың қатарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жыл сайын қолдау көрсететін «Мектепке жол» акциясы және әуежай маңындағы тұрғын үйлердегі шуды азайту бағдарламалары бар, бұл тұрғындардың жайлы өмір сүруіне ықпал етеді.
Осындай іс-шараларды ұйымдастыру әуежайдың тек негізгі көлік торабы ғана емес, сонымен қатар қала өміріне белсенді қатысушы болып, мәдени алмасу, өзара әрекеттесу және адамдарды біріктіруге арналған алаңдар құруға ұмтылысын көрсетеді.


