Almaty Half Marathon қатысушылары HONOR Magic6 Pro камераларымен суретке түсірілді

HONOR жаһандық технологиялық бренді 21 сәуірде мыңдаған жүгіру жанкүйерлерін біріктірген Almaty Half Marathon спорттық іс-шараны қолдау арқылы, белсенді өмір салтын ұстанатынын растады.

Алматы жартылай марафонының серіктесі ретінде HONOR қатысушыларға жаңа HONOR Magic6 Pro флагманының камерасына өздерінің жетістіктерінің тамаша сәттерін түсірудің бірегей мүмкіндігін сыйлады. HONOR шақырған кәсіби фотографтар жүгіру қашықтығының әртүрлі учаскелерінде марафон сәттерін түсіріп алды.

Жақында шыққан HONOR Magic6 Pro камера жүйесі – 50 Мп негізгі камера, 50 Мп ультра кең бұрышты және саладағы алғашқы 180 Мп перископтық камера – бұл мобильді фотосуреттегі нағыз революция.

Кәсіби деңгейдегі спорттық фотосурет алгоритмдері – инновациялық Sport Portrait тіпті, динамикалық өзгеретін көріністе де спортшылардың керемет портреттерін түсіруге мүмкіндік береді. HONOR Falcon камерасы жылдам және дәл фокустың арқасында кең бұрышты және телефото объективтерін қолдана отырып, кадрдағы адамды нақты кескіндеп, ал фонды бұлыңғыр ете алады.

Фотосуреттер барлық тілек білдірушілерге сілтеме арқылы тегін қол жетімді https://www.honor.com/kz/events/honor-magic6pro-marathon).

Жаңа HONOR Magic6 Pro туралы мәліметтерді HONOR ресми сайтынан табуға болады. Смартфон екі түсте көрсетілген: шалфей жасыл және графит қара, бағасы 512 ГБ нұсқасы үшін 669 990 теңге.