Алматы халықаралық әуежайы ИКАО-ның 2026 жылғы авиациялық қауіпсіздік апталығына қатысты

2026 жылдың 20–22 қазан аралығында Алматы халықаралық әуежайы алғаш рет Қазақстанда, Астана қаласында өткен ИКАО-ның 2026 жылғы авиациялық қауіпсіздік апталығына (ICAO Aviation Security Week 2026) қатысты. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен авиациялық билік органдарының, әуежайлардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сала сарапшылары жиналды.
Іс-шара аясында Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Көсе авиациялық қауіпсіздіктің қазіргі сын-қатерлеріне арналған «25 жылдан кейін: авиациялық қауіпсіздіктің жаһандық жағдайы» атты панельдік сессияға қатысты.

Пікірталас барысында Гокер Көсе киберқауіпсіздік пен ақпараттық технологияларды әуежайлардың операциялық қызметіне интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті. Өзара байланысты цифрлық жүйелерді қорғауға, тәуекелдерді бағалауға және қауіп-қатерлерге ден қоюдан олардың алдын алуға көшуге ерекше назар аударылды.
Іс-шара алаңында Алматы халықаралық әуежайының арнайы промо-аймағы да ұйымдастырылды. Онда әуежай өкілдері қатысушыларды әуежайдың қызметімен таныстырып, әуежай операцияларын ұйымдастырудағы практикалық тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар мен одан әрі даму жоспарлары туралы ақпарат берді.
Іс-шараға қатысу Алматы халықаралық әуежайына халықаралық әріптестермен тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және авиация саласына заманауи технологиялық шешімдерді енгізу перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.



