«Алматы марафонының» қайырымдылық мақсаттарын жүзеге асыру

«Алматы марафоны» қайырымдылық бағдарламасы аясында «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорынан «Одиннадцать друзей Максима» командасына Flying Start racing Wheelchair жарыс арбаларын табыстау болып өтті. Бұл – 2022 жыл қорытындылары бойынша «Алматы марафоны» жүзеге асырған бесінші қайырымдылық жобасы.

Жыл сайын «Алматы марафоны» өткеннен кейін қатысушылар жарнасынан түскен қаражаттың бір бөлігі қордың қайырымдылық мақсаттарын жүзеге асыруға жұмсалады. Бұл сондай-ақ серіктестердің қолдауы арқасында мүмкін болады.

«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры «Одиннадцать друзей Максима» командасына Flying Start racing Wheelchair жарыс арбаларын табыстайды, бұл қозғалысы шектеулі адамдардың спорттық шараларға қатысу мүмкіндігін арттыруға жағдай жасайды.

2016 жылы «Одиннадцать друзей Максима» командасының жетекшісі Максим Виноградов арнайы жарыс арбасымен алғаш рет жыл сайынғы Алматы марафонына қатысты. Содан бері ол 42,2 км қашықтықты сәтті еңсеріп, жыл сайынғы шараның тұрақты қатысушысына айналды. Бірақ жарыс арбаларының қымбаттығына және Қазақстанда болмауына байланысты Максим осындай шаралардың қозғалыс мүмкіндігі шектеулі жалғыз қатысушысы болып табылады. Сондықтан жобаның негізгі мақсаты – әлеуметтік бейімделуге және инклюзивті спортты дамытуға қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдардың барынша көп санын тарту.

 «Біз «Одиннадцать друзей Максима» командасына жарыс арбаларын табыстағанымызды мақтанышпен жариялаймыз. Бұл қадам инклюзивті спортты дамытуға және мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге қосылған маңызды үлес болып табылады. Біз баршаға тең жағдай жасауға және кез келген кедергілерді еңсеруіне мүмкіндік беруге ұмтыламыз. Біз бәріміз бірлесе отырып, әлемді жақсарта түсеміз және әр адамға жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашамыз», – деді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева.

 «Біз бұл бағытта келе жатқанымызға сегіз жыл болды. 2015 жылы мен Асқар Төлеевтің Facebook желісінде жарияланған 2016 жылғы Алматы марафонына қатысуға ниет білдіріп отырғаны туралы жазбасын көріп, оған хабарластым. Асқар жауап беріп, марафонға қатысу үшін арнайы арба табуға көмектесуді ұсынды. Содан бері біз бірге жұмыс істеп келеміз, биылғы жылы Алматы марафонының арқасында «Одиннадцать друзей Максима» командасына арбалар алдық. Қорға инклюзивті спортты дамытып, жарыс арбаларын қоса алғанда, баршаға тең мүмкіндіктер жасағаны үшін шексіз алғысымды білдіремін», – деді «Одиннадцать друзей Максима» командасының жетекшісі Максим Виноградов.

«Kaspi.kz титулдық демеуші болып қана қоймай, жүгіруге және белсенді өмір салтына деген сүйіспеншілігі мен құрметін көрсете отырып, жүгіру шараларын белсенді түрде қолдайды. Баршаңызды тағы да құттықтап, алдағы іс-шараларда табыс тілегім келеді. Қазір көптеген адамдар, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар марафондарға және басқа да жарыстарға қатыса алатынына қуаныштымыз. Біз сондай-ақ өз қызметкерлерімізді де Алматы марафонының жүгіру жарыстарына тартуға тырысамыз. Осы команданың бір бөлігі екенімізді және бірлесіп осындай маңызды әлеуметтік істі атқарып жатқанымызды мақтан тұтамыз!» – деді Kaspi.kz корпоративтік мәдениет тобының басшысы Ольга Скоробогатая.