Almaty Mount Fest 2023 фестивалінің бірінші күнінде downhill жарысы әсерлі болды

Almaty Mount Fest 2023 фестивалінің алғашқы күні қатысушылар тау велосипедтерімен төмен түсуден жарысып, тауға бұқаралық жорық ұйымдастырылды. Downhill жарысына қатысқан спортшылар көрермендерді өздерінің экстремалды дағдылары және шеберліктерімен тәнті етті. Ал белсенді өмір салтын ұнататын кез-келген адам өзін туриадада сынап көре алды.

Фестивальдің алғашқы күні ұйымдастырушылар қатысушылар үшін  2 қызықты спорттық дисциплина – тау велосипедтерімен жылдамдықпен төмен түсу (downhill) және алдын ала арнайы дайындалған бағыт бойынша тауға бұқаралық жорық (туриада) ұйымдастырылды.

Жаяу бағыт қатысушылары жорықты «Медеу» ТСК бастап, «Шымбулак» ТК аяқтады. Жолға кеткен орташа уақыт 3-4 сағатты құрады, ал маршруттың ұзындығы мен  биіктіктің алмасуы, сәйкесінше, 3200 метр мен 600 метрді құрады. Биылғы туриаданың ерекшелігі – 6 мен 14 жас аралығындағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы бағыт дайындалды. Қатысушылардың бәріне естелік медальдар табысталды.

Туриада жеңімпаздары:

Ер адамдар арасында
1 орын – Пашков Александр (Башқұртстан)
2 орын – Мукам Искандер
3 орын  – Дубук Александр

Әйелдер арасында
1 орын – Зайцева Анна
2 орын – Талабанова Татьяна
3 орын – Дубук Александра

Downhill жарысына келер болсақ, трассаның ұзындығы 2300 метрді құрады, ал биіктіктің алмасуы 650 метр, UCI (Халықаралық велосипедшілер одағы) жіктемесі бойынша 2 деңгейге сәйкес болды. Жылдамдықпен түсу жарысы «Шымбулақ» ТК өтті. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болды.

Downhill жарысының жеңімпаздары:

14 пен 17 жас аралығындағы «Юниоры» санаты
Ізбасқанов Даниэль (1 орын)
Подушко Эдуард (2 орын)
Қасымов Алдияр (3 орын)

18 бен 29 жас аралығындағы «Элита» санаты
Зубенко Александр (1 орын)
Қумақбаев Жомарт (2 орын)
Трейман Константин (3 орын)

30 жастан асқандар арасындағы  «Шеберлер» санаты
Шилин Юрий (1 орын)

Естеріңізге сала кетейік, ертең, 1 қазан күні альпиниада аясында қатысушылар «Молодежный» шыңын бағындырады, сонымен қатар, скайраннинг – тауда жылдам жүгіруден жарысады. Қосымша ақпаратты фестиваль сайтынан алуға болады