Алматы облысында сілеусін фототұзаққа ілікті

Соңғы екі жылда алғаш рет аталмыш жануар Шарын ұлттық паркіндегі Бұғыты тау учаскесіне орнатылған фототұзақ объективіне түсіп қалды.

Бұл жыртқыш негізінен түнде белсенді, оңай әрі ешбір дыбыс шығармай қозғалады. Ал сілеусін терісінің ала болып келуі, оны ағаштардың арасына оңай жасыруына көмектеседі, себебі күн сәулесінен түскен жарықтан сүтқоректі байқалмай қалады.

Шабуылдау барысында 4 метрге дейін секіреді. Сонымен қатар, ересек дарағы 1 күнде 30 шақырымға дейінге арақашықты еңсере алады.

Фото Айнаш Койшибаева