Алматы оқушылары BeginIT халықаралық жобасында үздік атанды

Қазақстанның әр өңірінен келген тоғызыншы сынып оқушылары еліміздің 327 ауыл оқушыларының ішінен топ-10-ға кірді. BeginIT — inDrive жаһандық компаниясы мен IQanat қорының білім беру саласындағы серіктестік жобасы. Жеңімпаздар «Жылдың үздік оқушысы» марапатына ие болды. Қазақстанның үздік оқушыларының қатарында Алматы облысы Іле ауданы №19 орта мектептің оқушысы Аман Даулбаев бар. (ФОТО)

31 мамырда BeginIT жобасының бірінші маусымы аяқталды: үздік нәтиже көрсеткен 30 оқушы 2023 жылдың 28-30 тамызында өтетін «BeginIT Summer Fest» фестиваліне қатысуға шақырылды. Фестивальге қатысушылар үшін IT хабтар мен университеттерге экскурсиялар, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың дәрістер мен мастер-кластар ұйымдастырылады.

«Барлық балалар жоба аясында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мысалы, бір команда Astana HUB ұйымдастырған кодсыз бағдарламалауға арналған «No code school» байқауында жеңіске жетті, — деп  «no code» бойынша BeginIT трекері Алихан Талипов бөлісті. – Бұл жеңіске жеткен «Smart mart» интернет-дүкені жұмысы осы саладағы стартаперлер мен мамандар кіретін қазылар алқасы мүшелерін таң қалдырды. Балалар аталмыш өнімді небәрі екі айдың ішінде әзірлеген және оған каталог, барлық құрылғыларға бейімделген веб-бет, телеграм-бот, қызметтерді сатып алу мүмкіндігі, пайдаланушылардың жеке кабинеттері және тұтынушылар туралы деректерді жинау кіреді»

BeginIT графикалық дизайн бойынша трекері Құсайын Еламан:

«Балалардың барлығы бар күш-жігерін салып, жетістікке жетті. Мысалы, Аман «Digital design» курсы аясында финалист болды және сыйлыққа планшет алды»

BeginIT өз жобасын 2022 жылғы тамызда бастады, және 2022-2023 оқу жылы оған Қазақстанның 17 өңірінен 205 оқушы қосылды. Жобаға іріктеу 2022 жылдың қарашасында өткен хакатонның көмегімен өтті. Бір жыл ішінде қатысушылар американдық Codeсombat платформасында және қазақстандық Okoo.kz платформасында бағдарламалауды үйренді. Алғашқысының көмегімен оқушылар ойындар әзірлеумен және веб-әзірлеумен танысты, ал екіншісінің көмегімен Python және 3D-модельдеу бағдарламалаудың негіздерін меңгерді, HTML, CSS және С++-мен танысты, сонымен қатар Photoshop-та жұмыс істеуді үйренді. BeginIT сонымен қатар арнайы қысқа мерзімді білім беру бағдарламалары үшін кәсіби сарапшыларды тартты.

2022 жылдың желтоқсанында бірінші жартыжылдықтың 18 үздік оқушысы компьютерлік және мобильді ойындар индустриясы саласындағы негізгі іс-шараға айналған Астанадағы Gamedev фестиваліне қатысты. Сапар барысында балалар Astana HUB IT стартаптарының Халықаралық технопаркімен танысты, Назарбаев Университетінде болып, Қазақстанның IT-саласындағы сарапшылармен сөйлесе алды.

2023 жылы оқушылар тиісті салалардағы мамандардың жетекшілігімен «no code» және «digital design» бойынша қысқа мерзімді курстарға қатысты. Олар өз жобаларын қазылар алқасына ұсынды, ал кейбір стартаптар мен компаниялар тіпті болашақта оларды өздерінің тағылымдамадан өтушілері ретінде көруге қуанышты болатынын айтты.

BeginIT басты мақсаттарының бірі — түлектердің тату қоғамдастығын қалыптастыру және оларға жергілікті және жаһандық деңгейде IT-салаға интеграциялануға көмектесу: IT-университеттерге түсу, технологиялық компаниялар мен стартаптарда тағылымдамадан өту. Келесі оқу жылынан бастап BeginIT білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруды және ауылдық жерлердегі дарынды балаларға көмектесуді жалғастырады. Сонымен қатар, информатика мұғалімдеріне бағытталған бағдарламаларды іске қосу жоспарланған.