Алматыда Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығы өтті

Орталық Азиядағы алғашқы және ең ірі Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығының 34-ші маусымы Mercedes-Benz, blue star of Kazakhstan алаңында екі күн қатарынан зор табыспен өтті.

Шараның алғашқы күнінде маусымдық топтамаларды Aida Kaumenova, HӖRACHA by Isenkkel Akhtimer&Vella Akhtimer, AlexeyChzhen, Ulugbek Saliev, Yang Lain by Adilya Botabayeva, Fashion studio 4353 by Di Siitova, WINGS studio (Ресей), LARIYA, Kivaz by Nussip Togzhan, ShakerBay, Zherebtsov брендтері ұсынылса,  екінші күні өз топтамаларын Arunaz, AUGUST, Na MI Lab, New generation (DomiKE by Assel Abitayeva, Pirlepes by Talgat Nursaule, Elmtree by Elmira Assylbekova, Mode de VIE by Victoria Maxmutova, DM by Dina Marat, Blanc 1664, Zalkar (Қырғызстан), Naiyl Baikuchukov, Ainash Karina, ASSEM MEIRAM, Isabel Garcia by YesseY жұмыстары таныстырылды.

Бұл жолы сән шарасында экологияға көп көңіл бөлінді. Барлық дерлік дизайнерлердің топтамалары бұл тақырыпты бір немесе басқа жолмен қолдайды, сонымен қатар ұлттық мотивтерді қамтиды.

Kazakhstan Fashion Week биылғы маусымының дебютанттары жас дизайнерлер өз жұмыстарын сән әлеміне алғаш рет ұсынып отыр. Жаңа буын сәнгерлері де аға әріптестері сияқты ұлттық нақыш пен экология тақырыбына ерекше мән берді.


Белгілі дизайнер Алексей Чжен атап айтқандай, Қазақстандағы сән апталығының басты ерекшелігі жас дизайнерлерге арналған New Generation Open way байқауы. Бұл Орталық Азиядағы жалғыз еркін байқау және оның нәтижесінде сән әлеміне жаңа есімдер белгілі болады. Сондай-ақ, шығармашылығын жаңадан бастап келе жатқан жандарға өзін таныстыруға үлкен мүмкіндік береді.

Сән шарасында тек дизайнерлер ғана емес, шараның серіктестері де ерекше көзге түсті. Мысалы, KFW серіктесі Ploom бренді де технологияны ұсынды. Өздерінің инсталляциясында олар кеш қонақтарына көз жанарын суретке түсіруге мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойыншща, жаңа технологиялар сән әлеміне де қайталанбас өзгерістер енгізіеді. Ал көз жанары да өнердің биік шыңы саналады, себебі, ол ешқашан қайталанбайды әрі ешкімде де кездеспейді.

Ал 1664 бренді сән апталығы аясында интерактивті брендте қонақтарға өз сыйлықтарын тарапы, өзінің символына саналатын @frenchies_help қорына қол ұшын созуға шақырды. Сондай-ақ, сұлу да сымбатты модельдермен бірге Kazakhstan Fashion Week подиумына француз бульдогтары шықты. Жаңа таныстырылған топтамадағы киімдерді сатудан түскен қаражатты @frenchies_help еріктілеріне аударатын болады.

Қайырымдылық іс мұнымен шектелген жоқ. Сән апталығын ұйымдастырушылар елде орын алған қайғылы оқиғаға көңіл білдіріп, Қазақстанның бірнеше аймағында болған су тасқынынан зардап шеккен жандарды назардан тыс қалдырған жоқ. Қазақстан сән апталығында жиналған барлық қаражатты көмек көрсету қорына жіберу туралы шешім қабылданды.

Суреттер Kazakhstan Fashion Week баспасөз қызметі тарапынан берілді