Алматыда Kcell Eurasian Mobile Summit 2023 халықаралық конференциясы өтеді

23 және 24 тамызда Алматы қаласында «Технология жарысында қалай ұтылмауға болады» атты телеком-индустриясына арналған үлкен көлемдегі шара өтеді. Ол барлық әлемнің құрлығынан 1000-нан астам қатысушылар мен спикерлерді жинайды.

Конференцияның басты тақырыбы, AI және 5G бизнес дәуіріндегі дамуы жайында болмақ.

Екі күн ішінде конференцияда қазіргі заманауи байланыс технологияларын қолдану кейстерін, ақпараттық технологиялардың революциялық дамуын, Fintech пен AI-нің белсенді дамуын, сондай-ақ жаңа технологияларға инвестицияларды қозғайтын жеті тақырып болады.

Конференцияның спикерлері Microsoft, Binance, Yandex, VK Tech, NITEC, QazCloud және ІТ және Telecom салаларының басқа да сарапшылары болады. Сарапшылармен кездесіп, жаңа үрдістер мен инновацияларды талқылау, тез дамып келе жатқан жасанды интеллект пен 5G әлемі ұсынатын мүмкіндіктерді талқылау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Конференция әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік тәжірибелерді қоса алғанда, кейс бағдарланған сипатқа ие болады. Оған қоса, 10-нан астам елдің спикерлері осы сын-қатерлерге қалай әрекет ету және жаңа әлем ұсынатын мүмкіндіктерді қалай пайдалану керектігін талқылайды.

Іс-шараны бірлескен ұйымдастырушы — цифрлық оператор және ірі қазақстандық IT — Kcell компаниясы. Конференцияның бағдарламалық әріптес холдинг MOST. Бас медиа — серіктес bluescreen.kz.

Kcell Eurasian Mobile Summit 2023  конференциясы  әдемі көрінісі бар Swissôtel Wellness Alatau Almaty  қонақ үйінің аумағында  өтеді.

Конференцияға орын саны шектеулі. Сілтеме бойынша тіркелуге болады https://eurasianmobilesummit.org