Алматыда кітап саласына қатысты заң жобасы таныстырылды

Алматы қаласында «Кітапхана және баспа ісі туралы» заң жобасын талқылауға арналған жиын өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, отандық баспалар мен кітапхана саласының мамандары қатысты.

Қатысушылар құжаттың тиімді тұстарын талқылап, жекелеген баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар білдірді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі