Алматыда Корея Республикасының жетекші сарапшыларының қатысуымен ACT Creative Tech Week 2026 халықаралық форумы өтеді

2026 жылы 23–26 шілде аралығында Алматыда білім беру, креативті индустрия, жасанды интеллект және цифрлық технология саласының Қазақстан мен Корея Республикасындағы өкілдерін біріктіретін ACT Creative Tech Week 2026 халықаралық форумы өтеді.

Форумды өткізу Сеул қаласында «Диалог» аудармашылар одағы» қоғамдық бірлестігі, Academy of Creative Technologies (ACT) және YLAB Academy арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумды іске асырудың алғашқы практикалық қадамы болды.

2026 жылы 4 шілдеде Сеул қаласында «Диалог» аудармашылар одағы» қоғамдық бірлестігі, Academy of Creative Technologies (ACT) және YLAB Academy өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат білім беру, креативті индустрия, жасанды интеллект және цифрлық технология салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеп, халықаралық іс-шаралар өткізеді және кәсіби тәжірибе алмасады.

ACT – ALT University базасында жұмыс істейтін, жасанды интеллект, ақпараттық технология және креативті технология салалары бойынша мамандар даярлайтын халықаралық білім беру платформасы. Ал YLAB Academy – вебтун индустриясы мен зияткерлік меншік (IP) әзірлеу бағытындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын YLAB компаниясының білім беру бөлімшесі.

Алматы қаласының баспасөз қызметі