Алматыда PetFest 2026 үй жануарлары мен олардың иелеріне арналған ең ірі қалалық фестиваль өтті

Forum Almaty алаңында PetFest 2026 өтті. Бұл үй жануарлары мен олардың иелеріне арналған ең ірі қалалық фестивальдердің бірі. Іс-шара тағы да бір маңызды шындықты дәлелдеді: Алматы адамдар мен жануарлар үшін шынайы достыққа толы қалаға айналып келеді.
Фестивальге өз жануарларымен бірге 3000-нан астам қонақ қатысты. Сауда орталығы алдындағы кеңістік бір күнге жанды, жылы әрі ерекше эмоцияға толы қалалық мерекеге айналды. Мұнда күлкі, таныстықтар, еркін қарым-қатынас және жануарларға деген шынайы сүйіспеншілік сезілді.
Сұлулық, эмоциялар және жарқын образдар
Фестивальдің ең есте қаларлық сәттерінің бірі жануарларға арналған костюмдер байқауы болды. Қатысушылар креативімен таңғалдырды. Қонақтар арасында Қар ханшайымы, ковбой, Арыстан патша және басқа да әсерлі кейіпкерлер болды. Бұл күні иттер фестивальдің нағыз жұлдыздарына айналды. Стильді, харизмаға толы жануарлар көпшіліктің көзайымына айналған.
Күні бойы түрлі ұтыс ойындары, интерактивтер мен сахналық қойылымдар өтіп, нағыз қалалық мереке атмосферасын қалыптастырды.
Қонақтар кинологпен жұмыс істеуге де мүмкіндік алды. Арнайы аймақта көп жылдық тәжірибесі бар кинолог Ирина Пономарева қонақтарды қабылдап, күні бойы интерактивті сабақтар өткізді.
Әлеуметтік миссия және жануарлар панажайларын қолдау
Фестивальде жануарларға көмек көрсетуге ерекше назар аударылды. Іс-шараға төрт панажай қатысып, өз қызметтері, қамқорлығындағы жануарлар және көмек көрсету жолдары туралы баяндады.
Серіктестердің панажайларға көрсеткен нақты көмегі ерекше алғысқа лайық. Trouver Kazakhstan компаниясы төрт панажайға сыйлықтар табыстады. Үй-жайлардың тазалығын сақтауға көмектесетін шаңсорғыштар, сондай-ақ әр панажайға екіден электронды су ішкіш құрылғылар берілді, бұл жануарлардың таза суға тұрақты қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ал Purina панажайларға жем қоры ұсынды.
Ұйымдастырушылар серіктестерге жануарларға деген қамқорлығы мен нақты көмегі үшін шынайы алғыс білдіреді.
«Біз үшін тек фестиваль өткізу емес, адамдар жануарларға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік төңірегінде бірігетін орта қалыптастыру маңызды болды. PetFest-тің қаншалықты үлкен қолдау тапқанын, қонақтардың қаншалықты жылы қабылдағанын көріп отырмыз. Бұл мұндай іс-шаралардың қалаға шынымен қажет екенін көрсетеді, және біз бұл мәдениетті дамытуды жалғастырамыз», – деді фестиваль ұйымдастырушысы Влад Алиев (Alpha Dog).
Жаңа қалалық дәстүр
PetFest 2026 Алматыда жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетінің қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай іс-шаралар адамдарды біріктіріп, үй жануарларына қамқорлық жасауды қалалық өмірдің табиғи бөлігіне айналдырады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, қонақтардың қызығушылығы мұндай фестивальдердің қала үшін маңызды әрі қажетті екенін көрсетті, сондықтан олардың саны арта түсуі тиіс.



