Алматыда QYZQARAS Film Festival 2025 өтеді

22–31 тамыз аралығында Алматыдағы «Арман» кинотеатрында тәуелсіз QYZQARAS Film Festival өтеді. Биылғы фестиваль әйел режиссерлердің шығармашылығына арналмақ. Бағдарламада Қазақстаннан және шетелден келген авторлардың туындылары, лекциялар, пікірталастар мен шығармашылық кездесулер бар.
QYZQARAS фестивалі кино әлеміндегі әйелдер тәжірибесін, олардың жеке әрі қоғамдық тарихын сахнаға шығарып, дәстүрлі нарративтерді қайта ой елегінен өткізуді мақсат етеді.
Фестиваль аясында:
- Қазақстандық және халықаралық режиссерлердің толықметражды және қысқаметражды фильмдерінің тұсаукесері;
- Ашық дәрістер, воркшоптар мен талқылаулар;
- Арт-инсталляциялар және Invisible Women, Asian Movie Night халықаралық топтарының арнайы көрсетілімдері өтеді.

Фестиваль аясында халықаралық премьералар да өтеді. Қазақстанда алғаш рет төмендегідей фильмдер көрсетіледі:
«Прости, детка», «Альфа», «Волшебная ферма», «Гадкая сестра», «Зеленая граница», «Воспоминания пылающего тела», «Медленно», «Токсик», «Девушки на балконе», «Все, что от тебя осталось», «Четыре дочери».
Отандық кино репертуарында:
«Папа умер в субботу», «Ұлжан» (3 серия), «Атамекен», «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда» көрсетіледі.
Сонымен қатар кеңестік-қырғыз классигі Динара Асанованың «Жена ушла» фильмі арнайы көрсетіледі (алдын ала тіркелу қажет).
Фестивальде Яна Скопина, Бота Қойлыбаева, Малика Мұхамеджан және Айгүл Нұрбулатова дәрістер мен воркшоптар өткізеді.
Сондай-ақ Invisible Women жобасының жұмыстары ұсынылады, ал Asian Movie Night бағдарламасы аясында фильмдер көрсетіліп, суретшілермен пікірталас ұйымдастырылады.
Фестиваль мекен-жайы:
- Кинопоказдар: кинотеатр «Арман» (Достық даңғылы, 104).
- Лекциялар мен талқылаулар: арт-кеңістік Kerege (Гагарин көшесі, 83).
Қатысу шарттары:
- Фильм билеттерін 6 тамыздан бастап kino.kz сайтынан сатып алуға болады.
- Қысқаметражды фильмдер мен лекциялар тегін, алдын ала тіркелу қажет.
- Фестивальдің ақпараттық серіктесі – 98mag.
Ұйымдастырушылар
QYZQARAS Film Festival Центр современной культуры Tselinny мен Франция Елшілігінің қолдауымен өтеді. QYZQARAS бастамасы 2023 жылдан бері әйел режиссерлерді қолдап, феминистік кинотілді зерттеу және Орталық Азияда жаңа кино кеңістігін дамыту бағытында жұмыс істеп келеді. Бірнеше жылда ондаған тегін көрсетілім, дәрістер мен мастер-класстар ұйымдастырылды. 2024 жылы Қазақстанда алғашқы әйелдер кинофестивалін өткізген болатын.
Жоба мақсаты – әйелдердің киноиндустриядағы дауысы мен көзқарасын кеңінен таныту, оларға еркіндік пен көріну мүмкіндігін беру.



