Алматыда Ski With Chery қысқы іс-шарасы аясында әуесқой шаңғы тебу және сноуборд жарыстары өтті

Astana Motors құрамына кіретін Chery Kazakhstan ресми дистрибьюторы Oi Qaragai тау шаңғысы курортында клиенттер күнін өткізді. Таза ауа және қарлы тау бөктерінде бренд өз клиенттерін жинап, оларға белсенді демалыс, ашық қарым-қатынас және жарқын эмоциялар сыйлады.
Іс-шара With Chery With Love әлемдік тұжырымдамасы аясында өтіп, бренд автокөліктерінің иелерін біріктірді. Қонақтар әуесқой шаңғы тебу мен сноуборд жарыстарына қатысып, жеңімпаздарға бренд атынан естелік медальдар мен сыйлықтар табысталды. Барлық қонақтар мен қатысушыларға арнайы ойын-сауық бағдарламалары, интерактивті ойындар, таза ауада дәмді дастархан ұйымдастырылды.
«Chery – қозғалысты, адам эмоцияларын және белсенді өмірді бағалайтын өмір салты. Біз клиенттер өздерін үлкен қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезінетін орта қалыптастырамыз. Клиенттер күні – біздің философиямыздың маңызды бөлігі және біздің брендімізді таңдағандарға жақын болудың жолы», – деді маркетинг жөніндегі директор Айгүл Темешова.
Іс-шара қонақтарының назары Chery Tiggo 9 флагмандық кроссоверінде болды. Аталған модель премиум санаттағы жайлылық, заманауи дизайн және озық қауіпсіздік технологияларымен ерекшеленеді. Автокөлік премиум сегментке сай 245 ат күші бар 2,0 литрлік турбо қозғалтқыш, ақылды толық жетек және заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жарақталған.

«Даладағы температура минус болса да, іс-шара атмосферасына үлкен плюс! Мұндай жиындар нағыз отбасылық сезімді тудырады, есте қалады және брендпен ерекше қарым-қатынас орнатады. Chery тек автокөлік жөнінде ғана емес, сонымен қатар бізге клиент ретінде әрі біздің мүдделерімізге көңіл бөлу, сонымен бірге өзара берік достық қарым-қатынас екенін түсінесің», – деді іс-шараға қатысушы Александра Сарычева.
Chery клиенттік күндері қазірдің өзінде жақсы дәстүрге айналып, Қазақстанда төртінші жыл қатарынан өтуде. Бұл іс-шаралар бренд клиенттерінің басын қосып, автокөлікті тек тасымал құралы ретінде ғана емес, белсенді және толыққанды өмір салтының бір бөлігі ретінде қабылдайтын адамдарды біріктіреді.
Бүгінгі таңда Chery тек қытайлық автокөлік сегментінде ғана емес, сонымен қатар жалпы сатылым рейтингінде жоғарғы орындарды тұрақты сақтап келе жатқан жетекші брендтер қатарына кіреді. Қазақстан автокөлік одағының (KAO) дерегі бойынша, 2025 жылы 14,5 мыңнан астам қазақстандық Chery автокөлігін сатып алған. Өз кезегінде бұл брендті ең көп сатылатын жаңа автокөліктердің жалпы рейтингінде төртінші орынға шығарды.
Биыл брендтің Қазақстан нарығына ресми түрде шыққанына бес жыл толды. Көліктердің алғашқы сатылымы 2021 жылдың желтоқсанында басталды. Осы уақыт ішінде ел ішінде 46 000-нан астам Chery автокөлігі сатылған.
Брендтің ресми дилерлік орталықтар желісі Қазақстанның негізгі қалаларын қамтиды. Еліміздің өңірлерінде 26-дан астам Chery дилерлік автоорталығы жұмыс істейді. Chery сатып алушыларына арнап бірқатар модельдеріне 7 жылға немесе 200 000 км жүріске зауыт кепілдігін береді. Бұл өндірушінің өз көліктерінің сапасы мен беріктігіне деген сенімін көрсетеді.



