Алматыда стритболдан «Red Bull Half Court» іріктеу туры өтті

Алматыдағы Forum ойын-сауық және сауда орталығындағы сыртқы баскетбол алаңында стритболдан «Red Bull Half Court» іріктеу туры өтті.

Сайысқа 64 ерлер және 6 әйелдер командасы қатысты. Сайыс бағдарламасына  қыздардың қатысуы тарихи оқиға ретінде тіркелді, себебі, олар Қазақстандағы «Red Bull Half Court» бәсекесіне бірінші рет қатысып отыр.

Қыздар қатысқан әрбір матч трибунаға жиналған көрермендердің көзайымына айналды. Қыздар арасындағы сайыстағы әдемі финттер, нақты соққылар және ымырасыз күрес Алматыда өткен біліктіліктің көркін ашты.

Қыздар арасындағы жеңісті «BC TOMIRIS» командасы жеңіп алды.

Команда капитаны Зинабдин Алтыншаш:Бүгінгі өткен турнирде біздің команда жеңіске жетті, енді біз Астанаға барамыз. Біздің команда ойыннан ғаламат әсер алып, тарады. Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты, қолымызға қажетті нәрселердің бәрі берілді, бұл бізге ұнады. Енді Астанадағы бәсекеде де жеңіске жетсек деген ниетіміз бар!”

Бір айта кетерлігі, қыздар үш ұпайлық лақтыру және данк-контестте ерлермен бірдей сайысты. Допты нысанға дәл түсіру және осы трюктің әдемілігі жағынан ерлерге дес бермеді. Дей тұрғанмен, сайысқа қатысқан 30 ойыншының ішінде ең мергені – 8 ұпай жинаған Ерканат Ибадулла болып шықты, ал данк-контестте Есеналы Бахтияр айрықша шеберлік көрсетіп, перформанс жасады. Көрермендер  жеңімпазға ерекше құрмет көрсетті, енді ол 12-тамыз күні данк-контесттен Астанада өтетін  республикалық біріншілікте Алматының намысын қорғайды.

Дегенмен, сайыстың негізгі кейіпкерлері – ерлер болды, олар күні бойы сапалы командалық ойын, ұтымды қимылдар мен асқан жігерлілік көрсетті.  Ойын әрбір кезең сайын барынша жандана түсті.  Соңғы плей-офф кезеңінде спорттық сайыс атмосферасының қызғаны сонша, бәсекенің әрбір қатысушысы ғаламат оқиғаның бір бөлшегі екенін сезінгендей болды.

Бірақ бір ғана команда жеңімпаз атанады. Ослайша, шиіленіскен бәсекеде МАО командасы 18:9 есебімен RAKHAT командасынан жеңісті  жұлып алды.

МАO командасының капитаны Антон Котенко: “Қайтадан финалға оралғаныма қуаныштымын, бұл алтыншы рет. Бәсекенің ұйымдастырылуын атап өткім келеді. Баршаға бәрі ұнады. Біздің команда құрамы биыл өзгерді. Ары қалай талай-талай сапарларға шығамыз деп жоспарлап отырмыз. Еліміздің астанасына барып, жеңіске жетуге ниеттіміз ”

Жартылай финалда жеңіске жеткен команда, финалға қатысуға мүмкіндік алады. «RAKHAT» командасы Астанаға барып, осы жылы Серибия өтетін әлем Біріншілігінің шешуші іріктеу кезеңіне қатысуға берілетін жолдаманы сарапқа салады. Турнирдің өзі Аршат пен Қуанышбек Нұрғазыдан құралған «TOBE» шығармашылық бірлестігінің жарқын өнерімен аяқталды.