Алматыда вейптерді заңсыз сатқандар сотталды

Электронды темекіні ірі мөлшерде сатқандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігі аяқтады.

Алматының екі тұрғыны бірнеше ай бойы заңсыз кәсіпкерлік қызметті, яғни вейптерді көтерме сатуды жүзеге асырды.

Бұған дейін Алматы қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 55 мыңнан астам электрондық темекі табылған және тәркіленген сауда және қойма үй-жайлары анықталған болатын.

Сот үкімімен Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылды, олардың біреуіне 3 450 000 теңгеден астам айыппұл түріндегі жаза, ал екіншісіне — 1 жыл мерзімімен бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жаза тағайындалды.

Құрметті азаматтар! Вейптер мен басқа құрылғыларды қолдану жасөспірімдердің денсаулығына, есте сақтау, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді.

Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына және сатып алуларына назар аударуды сұраймыз.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі