Алматыдағы Плюс Дача алаңына 5000-ға жуық қонақ келген

29 тамыз бен 24 қыркүйек аралығында Алматының Бас ботаникалық бағында алғаш рет Плюс Дача, Яндекс Плюс жазылушыларының демалуына арналған кеңістік жұмыс істеді. Бағдарламада: Кинопоисктан кинокөрсетілімдер, балалар мен ересектерге арналған шеберлік кластары, Яндекс музыкадан Gruppa Skryptonite, Dequine, dudeontheguitar камералық қойылымдары және т.б. Алаң жұмыс істеген бір айда Яндекс Плюс жазылушылары үшін 7 камералық концерт, 16 кинокөрсетілім, 20 йога класы, сондай-ақ Жазғы демалыс клубы, балалар мен ересектерге арналған шеберлік кластары және тағы басқалар тегін өткізілді.

«Біздің мақсатымыз қалаға және Қазақстандағы жазылушыларымызға қалалық іс-шаралардың жаңа форматын сыйлау болды. Плюс Дачаның бір кеңістігінде біз Яндекс Плюс жазылушылары жақсы көретін барлық нәрсені біріктірдік. Бір айдың ішінде біз қонақтарымызға атмосфераның камералылығы, сүйікті әртістері және алаңның бірегейлігі үшін ұнаған 50-ден астам тегін іс-шаралар өткіздік. Біз Плюс Дача форматын пайдаланушыларымыз бен серіктестеріміз жақсы бағалағанына, қонақтардан көптеген жылы пікірлер алғанымызға өте қуаныштымыз. Сондықтан біз Қазақстан азаматтарын Яндекс Плюс бірегей жобаларымен қуантуды жалғастырамыз», — деп түсінік берді Орталық Азиядағы Яндекс Плюстің СЕО Александр Фролов.

Плюс Дача Әділхан Ержановтың «Обучение Адемоки» атты премьералық картинасымен ашылды. Кинопоиск көптеген ерекше кинооқиғалар ұсынды: алаңда алғаш рет Олжас Баялбаевтың «Взаперти», «Игла» фильмдерінің көпшілік алдындағы көрсетілімдері және фильм режиссері Рашид Нұғмановпен паблик-ток, Каролина Каваллидің «Аманда» картинасының алғашқы қойылымы, Гай Ричи фильмдерінің қазақ тіліндегі арнайы көрсетілімдері өтті. Негізгі оқиғалардың бірі қазақстандық кино тарихына арналған, Кинопоиск редакциясы ұсынған жаңа бейнеэссесінің бірінші көрсетілімі болды.

Яндекс Музыка ұсынған музыкалық бағдарлама аясында барлық концерттер камералық, акустикалық форматта өтті. Плюс Дачада әнші Dequine, инди-музыкант dudeontheguitar, Steppe Sons этно-джаз тобы, Алматы симфониялық оркестрі, әнші Nasiafromasia өнер көрсетті, ал алаңның жабылуында — бірнеше жыл ішінде алғаш рет Gruppa Skryptonite жанды концертпен өнер көрсетті. Яндекс Музыканың қолдауымен Қазақстанда жаңа бастаушы музыканттарға арналған BandLink Саундчек білім беру іс-шарасы өтті, онда музыка индустриясының сарапшылары жергілікті мысалдармен әртістерге жұмыс процестерін қалай баптау және өз шығармашылығын тиімді ілгерілету туралы айтып берді.

Күн сайын таңертең дерлік Плюс Дачада йога сабақтары өтті, ал күндіз Дача клубына барып, пинг-понг, кикер, шахмат және дойбы ойнауға мүмкіндік болды. Сондай-ақ күндіз шебердік кластары, дәрістер және басқа да білім беру іс-шаралары өтті. Мысалы, Плюс Дача алаңында алғаш рет The Nomad Child брендінен киімді кастомизациялау бойынша шеберлік кластары, WE project медиасынан қазақ креативі туралы public talk, «АRТиШОК» театр компаниясынан «Зефирный Жора» балалар спектаклінің көрсетілімі және т.б. өтті.

Плюс Дача естелік тосынсыйлар — жергілікті жобалармен коллаборациялар дайындады. Сонымен қатар, UMAMI дәмханасында шие сорбетінің шектеулі коллекциясының, ал Шушу салауатты тамақтану дәмханасында — Плюс Дача кеңістігінен шабыттанған шабдалы смузиінің дәмін татуға мүмкіндік болды. Ал Плюс Дача іс-шараларынан алған эмоцияларды ұзақ уақыт сақтағысы келетіндер үшін Happy Place қазақ брендімен бірге постерлердің, ашықхаттар мен жапсырмалардың шектеулі топтамасы жасалды.