Алматыға 64-ші жаңа Air Astana ұшағы келді

Алматыға EI-KDL борттық нөмірі бар жаңа Airbus A321neo ұшағы тікелей Гамбургтегі өндіруші зауыттан келді.
Тар фюзеляжды, орта магистральды авиалайнердің бизнес-класта 28 және эконом-класта 156 орын бар. Әуе кемесі Air Astana тобының флотында 64-ші болды және тасымалдау сыйымдылығының одан әрі өсуін және әуе компанияның маршруттық желісін дамытуды қолдайды.
Air Astana флоты көбінесе Airbus ұшақтарынан тұрады, бұл біріздендірудің, операциялық тиімділіктің және сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Airbus A321neo жоғары отын тиімділігімен, жайлылығымен және қоршаған ортаға әсерінің төмендігімен ерекшеленетін қазіргі заманғы Airbus ұшақтарының тобына жатады.
Жаңа ұшақ ішкі және халықаралық бағыттарда іске қосылады.
Әуе кемесінің алғашқы ұшуы қарашаның басында Алматы-Астана-Алматы бағыты бойынша жоспарлануда.



