Алып асық пен 4000-ға жуық шыны кофе: inDrive Қазақстандағы жүргізушілерді қалай қуантты

Осы күзде Павлодардағы сауда орталықтарының бірінде ерекше көрініс байқалды: такси жүргізушілері алып жасыл асықтың айналасына жиналып, бірнеше рет нысанаға дәл тигізуге тырысты. Ақтөбеде де осындай жарыс өтті, ал Алматы мен Астанада жүргізушілерді тегін ыстық сусын ұсынатын кофемобильдер қарсы алды.
Бұл шаралардың барлығын inDrive өз платформасының жүргізушілеріне арнап ұйымдастырды. Компания оларға әдеттегі жұмыс сапарларынан аз уақытқа болса да үзіліс жасап, жолдан тынығып, бала күнгі ойындарды еске алып, кофе ішіп, әріптестерімен араласуды ұсынды. Кездесулердің қалай өткенін және сервистің неліктен қосымша аясынан тыс шығуға шешім қабылдағанын айтып береміз.
Көзге көрінбейтін еңбек
Такси жүргізушісі күніне 8–10 сағатын көлік ішінде өткізеді. Ол қала оянбай тұрып жолға шығып, жолаушыларды әуежайға алғашқы рейске жеткізеді, ал мейрамханалардан соңғы қонақтарды үйлеріне апарады. Бұл жұмыстың басым бөлігі жалғыз өтеді: көлік ішінде, тапсырыстар арасында, кептелісте.

inDrive компаниясында жүргізушілерге алғыс білдіру тек бонустар мен төмен комиссиямен шектелмеуі керек деп шешті. Осылайша шынайы өмердегі офлайн кездесулер сериясы пайда болды. Оның мақсаты қарапайым: жүргізушілерге тынығуға, әріптестерімен танысуға, көңілді уақыт өткізуге мүмкіндік беру.
Павлодар мен Ақтөбе: «Асық Challenge»
Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде бала кезден таныс ұлттық ойын — асық ату таңдалды. Қазан айының екінші жартысында Павлодардағы Batyr Mall сауда орталығында, ал қараша айының басында Ақтөбедегі Keruen City сауда орталығында inDrive ойын алаңдарын ұйымдастырды.
Шараның басты нысаны — қазақы ою-өрнекпен безендірілген, адам бойымен шамалас алып жасыл асық болды. Оның жанына ұлттық нақыштағы ойын алаңы орналастырылды. Әр қатысушыға бірнеше мүмкіндік берілді, ал лақтыру дәлдігін дәстүрлі кеудеше киген төреші қадағалады. Жеңімпаздарға жанармай талондары, тауар сатып алуға арналған сертификаттар мен компанияның брендтік сыйлықтары табысталды.

Жүргізушілер ойынға тапсырыстар арасындағы үзілісте немесе ауысымнан кейін қатысты. Көбі асықты бала кезінен бері қолына алмағанына қарамастан, ойын ережелерін әп-сәтте еске түсірді. Екі қалада өткен шараға барлығы шамамен 1 500 жүргізуші қатысты.
Ойын алаңы сауда орталығының көпшілікке ортақ бөлігінде орналасқандықтан, оның айналасына келушілер де жиналды. Балалы отбасылар мен жасөспірімдер қатысушыларға жанкүйер болды.
«Асық ойнағаныма көп болған екен, шамасы, соңғы рет бала кезімде әжемнің ауласында ойнаған шығармын. Бәрін ұмытып қалдым ба десем, бірақ сақаны қолға алғанда саусақтарым қалай лақтыру керегін өздері еске түсірді. Тіпті дәл тигіздім! Таныстық, күлдік, төрешімен сөз таластырдық. Жарты сағатқа балалық шағыма оралғандай болдым», — дейді Ақтөбеде тұратын inDrive жүргізушісі Серік.
Алматы мен Астана: кофемен үзіліс
Компания еліміздің екі ірі қаласында жүргізушілерге ең қажетті нәрсе — ыстық кофе — ұсынуға шешті. Қазан айының соңы мен қараша айының басында жүргізушілер жиі жиналатын орындарда inDrive кофе-мобильдері жұмыс істеді. Платформадағы кез келген жүргізуші келіп, тегін кофе немесе шай алып, әріптестерімен сөйлесіп, қосымшаның жұмысына қатысты сұрақтарын қоя алды.
Алматыда жүргізушілер кептелісте бірнеше сағат өткізетіндіктен, кофе-мобиль бес минутқа болса да тоқтап, тынығуға себеп болды. Ал қараша желі соғатын Астанада қолдағы ыстық сусынның өзі ерекше қуаныш сыйлады. Акция барысында Алматы мен Астанада жүргізушілер барлығы шамамен 4 000 шыныаяқ кофе ішті.
«Таңғы алтыда, қала әлі ұйықтап жатқанда жолға шығамын. Қарашада күн суытып, жел де күшейеді. Ал мұнда келсең, қарсы алып, ыстық кофе ұсынады. Басқа жүргізушілермен де сөйлесіп үлгересің. Өзіңді жалғыз емес, біз көп екенімізді сезінесің. Ұсақ-түйек сияқты көрінгенімен, компания осылай еске алып, көңіл бөлгені қуантады», — дейді астаналық жүргізуші Ерлан.

Айта кетейік, бұған дейін компания осы төрт қаланың барлығында бағалы сыйлықтар — смартфондар, техника сатып алуға арналған сертификаттар мен демалысқа жолдамалар ойнатылған ауқымды ұтыс ойындарын да өткізген.
Технологиядан адаммен тікелей қарым-қатынасқа дейін
inDrive платформасында жүргізуші тапсырысты өзі таңдап, жолаушымен сапар бағасын келіседі. Бұл модель сенімге негізделген, сондықтан сервис үшін жүргізушілердің компаниямен байланысын сезінуі маңызды.
Офлайн кездесулер бірден бірнеше мәселені шешеді. Сауда орталығындағы алып асықты немесе кофемобиль жанындағы кезекті көрген қала тұрғындары inDrive пен оның жүргізушілері туралы біледі. Көлік жүргізіп жұмыс істеуді көптен ойлап жүргендер сервистің жұмысымен тікелей таныса алады. Ал inDrive платформасында жұмыс істеп жүрген жүргізушілер сұрақтарын қойып, нені жақсарту керегін айта алады.
«Жүргізуші күнінің басым бөлігін должа жалғыз өткізеді. Сондықтан оларға басқа ортада кездесуге, ұлттық ойын ойнап, кофе ішіп, жұмыс мәселелерінен аз уақытқа болса да назарын аударуға мүмкіндік жасағымыз келді. Өйткені inDrive үшін жүргізушілер — жай ғана тапсырысты орындайтын адамдар емес, ең алдымен серіктестер. Олармен тек қосымша арқылы ғана емес, шын өмірде де де сөйлескіміз келеді», — деді inDrive компаниясының өкілі Ялкун Турганов.
Жылы жүздесу және қатаң ережелер
Жылы кездесулер мен кофе — қамқорлықтың бір қыры. Екінші қыры — қауіпсіздік. Бұл бағытта inDrive барлық жүргізушіге бірдей қатаң талаптар қояды.
Платформада жұмыс бастамас бұрын жүргізушілердің құжаттары мен көлігі тексеріледі. Алайда тексеру мұнымен аяқталмайды. Кейде жүргізушіге фотобақылаудан өту туралы сұрау келеді: ол қосымша арқылы жаңа селфи түсіріп, көлігін суретке түсіруі керек. Осылайша сервис тапсырысты тіркелген жүргізушінің өзі және оның аккаунтына тіркелген көлік орындап жатқанына көз жеткізеді. Мұндай шаралар платформадағы қауіпсіздік пен жұмыс тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар inDrive Қазақстанның барлық аумағында сапар кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтандыруды қамтамасыз етеді. Сақтандыру жолаушылар мен жүргізушілерге бірдей қолданылады. Сақтандыру тапсырыс қабылданған сәттен бастап сапар аяқталғанға дейін автоматты түрде әрекет етеді. Сақтандыру төлемінің мөлшері 4 миллион теңгеге дейінгі медициналық шығындарды өтейді.
Бұған дейін компания жолаушыларға белгіленген бағамен автоматты түрде сапарға тапсырыс беруге мүмкіндік беретін «Бір басумен» тарифін іске қосқанын хабарлаған болатын. Бұдан бөлек, Қазақстанның негізгі қалаларында жаңа жүргізушілер үшін комиссия 1%-ға дейін төмендетілді. Бұл бастамалардың барлығы жүргізушілердің әр сапардан көбірек табыс табуына, ал жолаушылардың сұраныс жоғары кезеңдерде көлік табу мүмкіндігінің артуына бағытталған.

Платформаның барлық жүргізушісі өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға мәртебесіне ие. inDrive әр тапсырыс кұнының 4%-ын ұстап, жүргізушінің атынан бюджетке аударады. Бұл жүргізушілерге табысын ресми түрде тіркеуге, әлеуметтік төлемдерді жеңілдетілген тәртіппен төлеуге және мемлекет ұсынатын қолдау шараларын пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың қатарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясындағы тегін медициналық көмек, жұмысынан айырылған жағдайда берілетін төлемдер, бала күтіміне байланысты жәрдемақылар және басқа да қолдау түрлері бар.
Түптеп келгенде, платформа мен жүргізуші арасындағы қарым-қатынас көптеген фактордан құралады: қосымшаның ыңғайлылығы, жұмыс шарттары, қауіпсіздік тетіктері және қарапайым адами қарым-қатынас. Ал кейде соңғысы үшін адамға асық ойнауды ұсыну немесе бір шыныаяқ ыстық кофе ұсыну жеткілікті.

