Дүниежүзілік банктің жаңа есебінде Үндістанның кедейлікті азайтудағы елеулі жетістіктері атап өтілді

Соңғы онжылдықта Үндістан монетарлық жəне монетарлық емес өлшемдер бойынша кедейлікті қысқартуда айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізіп, əлемдегі ең жылдам қарқындардың бірін тіркеді. 2011 –2023 жылдар аралығында табысы орташадан төмен елдердің кедейлік шегінен (күніне $4,20, 2021 ж. СҚП бойынша) төмен өмір сүретін халық үлесі 57,7 пайыздан 1 6,1 пайызға дейін төмендеп, шамамен 496 миллион адам кедейліктен шықты, ал аса кедейлік деңгейі (күніне $3,00) 27,1 пайыздан 2,6 пайызға дейін қысқарды. Кедейлік деңгейі бұдан əрі баяуырақ қарқынмен болса да төмендей береді деп күтілуде: күніне $4,20 шегіндегі кедейлік деңгейі 2026 жылғы 1 4,2 пайыздан 2028 жылға қарай 1 2,1 пайызға дейін азаяды деп болжануда. Микросимуляцияға

негізделген бұл индикативті болжамдар еңбек нарығы мен макроэкономикалық деректер нақтыланған немесе жаңа мəліметтер түскен сайын жаңартылып отырады. Монетарлық емес өлшемдер бойынша, OPHI көпөлшемді кедейлік индексіне (ККИ) сəйкес, кедейлік 2005–06 жылдардағы 53,8 пайыздан 201 9–21 жылдары 1 6,4 пайызға дейін күрт төмендеді, ал Дүниежүзілік банктің ККИ көрсеткіші 2022–23 жылдары 1 5,5 пайызды құрады. Бұл ілгерілеу негізінен тұтынудың қарқынды өсуі, əсіресе əйелдер арасындағы жұмыспен қамтудың артуы жəне азық-түлік субсидияларын қоса алғанда, əлеуметтік трансферттердің кеңеюі есебінен қамтамасыз етілді. Кедейлік азайған сайын ол білім деңгейі төмен, активтері аз, тұрақты жұмысқа қолжетімділігі шектеулі жəне асырауындағылар үлесі жоғары үй шаруашылықтарында көбірек шоғырлана бастады. Алайда жалақы алшақтығы əлі де айқын сақталуда: 2023 жылы ең жоғары ақы алатын 1 0 пайыз қызметкердің медианалық табысы ең төменгі 1 0 пайыздың табысынан шамамен 1 3 есе жоғары болды.

Кеңістіктік тұрғыдан алғанда, Үндістандағы кедейлікті қысқарту үдерісі əрі жақындасумен, əрі шоғырланумен сипатталады. Ауылдық жəне қалалық жерлердегі үй шаруашылықтарының əл-ауқаты айтарлықтай жақсарды, ал ауылдық Үндістандағы жедел ілгерілеу ауыл мен қала арасындағы алшақтықты едəуір қысқартты. Соған қарамастан, кедей күйінде қалып отырған үй шаруашылықтарының басым бөлігі еңбек өнімділігі төмен жəне ауыл шаруашылығынан тыс сапалы жұмыс орындарына қолжетімділігі шектеулі ауылдық жерлерде тұрады. Сонымен қатар кедейлік географиялық тұрғыдан да барған сайын шоғырланып келеді. Көптеген штаттарда өмір сүру деңгейі жақсарғанымен, Уттар-Прадештен Батыс Бенгалияға дейін созылып жатқан біртұтас белдеудегі үй шаруашылықтарына Үндістандағы кедей халықтың шамамен 57 пайызы тиесілі. Демек, ұлттық

деңгейде кедейлікті одан əрі азайту осы штаттарда өнімді жұмыспен қамтуға жағдай жасауға тікелей байланысты болмақ.

Соңғы кезеңде, 201 7–2023 жылдар аралығында жұмыспен қамтылғандар саны шамамен 1 34 миллион адамға өсті — бұл еңбекке қабілетті жастағы халық өсімінен екі есеге жуық жоғары; бұл өсімнің басым бөлігі ауыл əйелдерінің ақылы еңбекке тартылуы жəне бір үй шаруашылығына шаққандағы табыс табушылар санының артуы есебінен қамтамасыз етілді. Еңбек нарығындағы ахуал жалпы алғанда тұрақты күйінде қалып отыр: 2026 қаржы жылының I тоқсаны мен 2027 қаржы жылының I тоқсаны аралығында жұмыс күшіне қатысу жəне жұмыспен қамту деңгейлері өзгеріссіз сақталды. Дегенмен, осы екі тоқсан аралығында жастар арасындағы жұмыссыздық 1 4,6 пайыздан 1 5,9 пайызға дейін өсті, бұл əсіресе ауылдық жерлердегі жас əйелдер арасында байқалды. Бұған қоса, жұмыспен қамту өсімі салыстырмалы түрде өнімділігі төмен салаларда шоғырланғандықтан, нақты жалақы деңгейі айтарлықтай өзгерген жоқ.

$3,00 кедейлік деңгейі $8,30 кедейлік деңгейі Джини индексі Өркендеу алшақтығы
2,6% 80,0% 23,0 4,9
2023 ж. 2023 ж. 2023 ж. 2023 ж.

Топтар бойынша кедейлік Кедейлік деңгейі (%)
Базалық стандарттағы ауыз суға қолжетімділіктің болмауы 6,4
Базалық стандарттағы санитарияға қолжетімділіктің болмауы 29,6
Электр энергиясына қолжетімділіктің болмауы 1 ,0

КЕДЕЙЛІК ДЕРЕКТЕРІ ЖƏНЕ ƏДІСНАМА

Соңғы онжылдықтағы кедейлік бағалаулары үй шаруашылықтарының үш ресми зерттеуіне — 2011 –1 2 жылдардағы CES жəне 2022–23 пен 2023–24 жылдардағы HCES деректеріне негізделген; олар MMRP əдістемесі бойынша əл-ауқат агрегаттары арқылы есептеліп, кеңістіктік жəне уақыттық тұрғыдан дефляцияланған. Енгізілген бірқатар маңызды жетілдірулерге қарамастан, зерттеулер жалпы алғанда өзара салыстырмалы. Алайда 2022–23 жəне 2023–24 жылдар аралығында байқалған əл-ауқаттың айтарлықтай өсуі нақты əл-ауқаттың артуын да, өлшеу сапасының жақсаруын да көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар олар ауқатты үй шаруашылықтарының тұтынуын толық қамтымауы жəне теңсіздікті төмендетіп көрсетуі ықтимал.

Аса кедейлік 2021 жылғы СҚП бойынша күніне $3 деңгейінде, ал табысы орташадан төмен елдердің кедейлік шегі (орташа кедейлік) 2021 жылғы СҚП бойынша күніне $4,2 деңгейінде өлшенеді. Халық саны жөніндегі бағалаулар Дүниежүзілік даму индикаторларынан (WDI) алынған. Қала мен ауыл халқының үлестері 2011 жылғы халық санағының негізіне сүйенетін зерттеу салмақтарынан алынған. 2011 жылдан бері жалғасып келе жатқан урбанизацияны ескерсек, зерттеу қазіргі қала халқының үлесін төмендетіп, ауыл халқының үлесін асыра көрсетуі мүмкін.

Еңбек нарығының бағалаулары Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынымдарына сəйкес келетін PLFS зерттеуінің «ағымдағы апталық экономикалық белсенділік мəртебесі» (7 күндік кезең) көрсеткішіне негізделген. 2025 жылғы қаңтардан бастап Статистика жəне бағдарламаларды іске асыру министрлігі (MoSPI) ай сайынғы жалпыұлттық өкілді қалалық жəне ауылдық бағалауларды ұсыну жəне тоқсандық деректер қатарын кеңейту мақсатында PLFS жүйесін жаңартты.

ҮЙЛЕСТІРУ (ГАРМОНИЗАЦИЯ)

Осы есептегі көрсеткіштер SARMD дерекқорына негізделген. Оңтүстік Азия микродеректер базасы (SARMD) — 201 4 жылы құрылған жəне SAR деректер мен статистика тобы басқаратын əлеуметтік-экономикалық индикаторлардың өңірлік дерекқоры. Ол 8 елдің үй шаруашылықтарын зерттеу деректерін қамтиды. Дерекқор Жаһандық мониторинг дерекқорының (GMD) үйлестіру қағидаттарын, соның ішінде Жаһандық кедейлік мониторингінде пайдаланылатын əл-ауқат агрегатын құру əдістемесін ұстанады. Деректерді пайдалану шарттары бастапқы деректерді өндірушілермен жасалған келісімдерге сəйкес сақталады.

Оңтүстік Азия | Кедейлік жөніндегі экономистер: Аяго Вамбиле / Диего Лестани / Ништха Кочхар