Anker Innovations енді өнімдерін Қазақстанда сата бастайды

Anker Innovations компаниясы Қазақстан нарығына Anker және Soundcore брендтерін шығарады.

Anker Innovations компаниясын 2011 жылы Калифорнияда Google-дың бұрынғы қызметкерлері құрған. Компания жеке брендтер шеңберінде зарядтау құрылғыларын, құлаққаптарды, камераларды және басқа құрылғыларды дайындайды. Енді олар Қазақстанда да ұсынылады.

Anker

Anker зарядтау құрылғыларын, кабельдер, портативті аккумуляторлар және басқа да керек-жарақтарды жасап шығаруға маманданған. Бұл бренд зарядтау технологиясы бойынша әлемдік көшбасшы болып саналады.

Anker компаниясы өзінің зарядтау құрылғыларына GaN технологиясын осы салада бірінші болып қолданды, бұл оның қуат күшін одан әрі арттыруға және сырт пішінін кішірейтуге мүмкіндік берді. Ендеше, сіздің iPhone-ға Anker PowerPort III зарядтау құрылғысы электр қуатын толтырып бере алады – ол 20 ваттқа есептелген және қысқа тұйықталу мен қызып кетуден қорғалған.

Компанияның ассортиментінен бірнеше порты бар зарядтау құрылғыларын табуға болады. Мысалы, жетілдірілген модель — Anker PowerPort Atom-да – барлық гаджеттерді зарядтауға арналған екі USB-C пен екі USB-A бар. Жалпы қуаты 100 ваттқа жетеді, бұл тек смартфон мен сағат үшін ғана емес, ноутбук үшін де жеткілікті. Ықшамдылығы туралы ойлауды да ұмытпаңыз – бұл адаптердің салмағы небәрі 600 грамм, осының GaN технологиясынсыз баламаларымен салыстырғанда, шамамен, бір жарым есе аз.

Сатылымда USB 3.0 стандартты да, USB-C  жалғағыш/ажыратқышымен де зарядтау кабельдері бар. Нейлонмен оралған сапалы сымның арқасында кабельдер мүмкіндігінше ұзақ уақытқа дейін қызмет ете алады, яғни, майысуы, оны бір жерден екінші жерге тарту, ұйысып қалуы жағдайларында да ұзаққа шыдамды. Деректерді өте жылдам беруінің арқасында пайдаланушы үшін ауыр файлдарды алмасу ыңғайлы болады. 

Сондай-ақ, компания Anker 737 Power Bank сияқты портативті аккумуляторлар шығарады. Оның сыйымдылығы 24000 мАч және қуат күші 140 ваттқа дейінгі зарядты қабылдайтын құрылғыларды зарядтай алады. Ақпараттық дисплейде қайта зарядтау циклдарының саны және басқа да көптеген пайдалы деректер көрсетілген.

Soundcore

Soundcore бренді құлаққаптар (TWS және толық өлшемді bluetooth) және Bluetooth колонкаларын (портативті және party speakers) жасап шығаруға маманданған. Soundсore фирмалық қосымшасы App Store дүкенінде 4,8 рейтингке ие болды, бұл барлық құлаққап брендтерінің ішіндегі ең жоғары баға.

Сонымен қатар, Soundcore құлаққаптарға жаңа технологияларды енгізуде. Мысалы, Liberty 4 флагмандық моделі жүрек қағысының жиілігін бақылай алады және 360°көлемді дыбыс алу үшін бастың кеңістіктегі орнын анықтай алады. Құрылғы шуды белсенді түрде азайтатынымен және мөлдірлік режимімен жабдықталған, ал аккумулятордың сыйымдылығы кейстегі зарядты ескере отырып, 28 сағат тыңдауға жеткілікті.

Soundcore дыбысты нақтылауға және барынша студиялық дыбысқа жақын жоғары және орта жиіліктерді беруге бағытталған ACAA технологиясын әзірледі. Құлаққаптарда екі драйвер қолданылады: драйверлердің бірі «жоғары және орта жиіліктер» үшін қолданылады, ал басқа драйвер «басс» үшін жауап береді. Сонымен қатар, Anker компаниясы өз өнімдерін жасау кезінде «мультипоинт/multipoint» технологиясын белсенді қолданады. Соның арқасында Liberty 4 бір уақытта екі құрылғыға қосыла алады.

Аталған тауарлар Қазақстан аумағында сәуір айынан бастап сатылады. Anker өнімдерін «Мечта», «Фридом Мобайл», «ALSER.kz» бөлшек сауда дүкендерінен және Kaspi.kz. маркетплейсінен таба аласыз.