Анжи аймағындағы экологиялық жұмақ
Шәй мен бамбук отаны саналатын Чжэцзян провинциясының Анжи елдімекенінде Хэлэшань алқабының ландшафты аймағы өзінің табиғи сұлулығымен және экологиялық тұжырымдамасымен мыңдаған туристердің назарын өзіне тартады. Линфэн тауының етегінде орналасқан курорттық аймақ шәй плантацияларын, бамбук тоғайлары мен көлдерді біріктіріп, бірегей демалыс орнын жасайды. Жыл сайын алқапқа 200 мыңнан астам адам келеді, олардың 60% -ы Шанхайдан келген туристер, сондықтан оны «Шанхайдың артқы жағындағы бағы» деп атайды.
Соңғы жылдары Қытай елінде экологиялық туризм дамуына ерекше көңіл аударылып келеді. Хэлэшань аңғары өзінің дизайнының басынан бастап табиғатқа минималды араласу қағидаттары бойынша салынды. Нысандарды салу кезінде жер бедері мен экожүйенің сақталуы ескерілді. Аумақта туризм мен қоршаған ортаны қорғауды теңестіруге бағытталған жобалар жүзеге асырылуда: ландшафтқа ең аз әсер ететін жаяу жүргіншілер жолдарын дамыту, өсімдіктерді қалпына келтіру, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу. Табиғатқа түсетін салмақты азайту үшін туристер санына шектеулер енгізілді.
Бұл өлкенің негізгі көрнекті орындардың бірі — Haunted Hill Capybara тақырыптық саябағы, бұл нағыз ойын-сауықты, табиғатты және экологиялық білімді біріктіретін заманауи экологиялық таза жобасы. Саябақта экологиялық білім мен тұрақты дамуға ықпал ететін турлар, арт-жобалар мен интерактивті көрмелер ұйымдастырылады.
Әр түрлі жануарлар мекендейтін саябақ 7 гектар аумақты қамтиды. Саябаққа келген әрбір жан табиғат аясында демалып қана қоймай, жануарларға тамақтандырып, олармен байланыс орната алады. Әсіресе, қонақтар үйлесімділік пен табиғаттың нышанына айналған капибара жануарын тамақтандырған өте ұнайды.
Капибара — табиғатпен үйлесімділікті, достық пен тұрақты қатар өмір сүруді білдіретін саябақтың басты кейіпкері. Саябақ тұжырымдамасы жануарлармен және экологиямен этикалық өзара әрекеттесу принципіне негізделген.
Haunted Hillside Capybara — бұл отбасылық көңіл көтеруге, білім алуға және табиғатпен байланыстыруға арналған орын, ол қоршаған ортаны қорғауға шабыттандырады.
Болашақта Хэлэшань алқабы экологиялық туризмді кеңейтуді, қалдықсыз тәжірибені енгізуді және халықаралық платформалар арқылы көбірек туристерді тартуды жоспарлап отыр. Негізгі мақсаттардың бірі – экономикалық даму мен тұрақтылықты ұштастыратын аймақ құру, аймақты экологиялық туризмнің әлемдік деңгейіне көтеру.
Хэлэшань алқабы табиғи сұлулықты, туризмді және экологиялық жауапкершілікті үйлесімді үйлестірудің үлгісіне айналып, оны аймақтың тұрақты даму стратегиясының маңызды бөлігіне айналдыруда.
Ғазиза Ұзақ
Анжи елдімекені