Азия ойындарында ту ұстау мәртебесі кімге бұйырды?!
![](https://nazarmedia.kz/wp-content/uploads/2023/08/WhatsApp-Image-2023-08-17-at-15.03.13.jpeg)
Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында ту ұстайтын атлеттер анықталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Олар – бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая.
Айта кетейік, Асланбек 1993 жылы 9 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол – бокстан әлем және Азия чемпионы, Джакартадағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Ал Надежда 1998 жылы 12 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Ол – жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы, құрлық рекордының иесі.