«Ауру» енді Freedom Media-да: жылдың ең көп талқыланған фильмі онлайн платформада қолжетімді

2025 жылғы ең көп талқыланған қазақстандық картиналардың бірі «Ауру» туындысы енді Freedom Media онлайн-кинотеатрында қолжетімді. Прокат кезінде қызу пікірталас тудырған туынды цифрлық платформаға шығып, көрерменнің қызығушылығын қайта оятты.

Оқиға қарызға батқан жас отбасы жайында. Қаржылық тығырықтан шығу үшін олар алаяқтыққа барады. Алайда ақыр соңында бұл ойыннан от шығады.

Картина қоғам үшін өзекті әрі ауыр тақырыптарды қозғайды: «жеңіл» ақшаға тәуелділік, өзгелерге бай болып көріну иллюзиясы, манипуляция.

Авторлар дайын шешім ұсынбайды — олар әр көрермен өзі жауап беруі тиіс сұрақтарды алға тартады.

«Ауру» — жай ғана классикалық әлеуметтік драма емес. Фильмде уақыт өткен сайын сюжет күрделене түседі. Бұл — жай ғана шай ішіп отырып көретін фильм емес. Бұл — сіздің ішкі жан дүниеңізді сынайтын туынды.

Фильмдегі актерлер оқиғаға психологиялық шынайылық пен ішкі тереңдік береді. Көрермен кейіпкерлерді сырттай бақылап қана қоймай, олардың ішкі жан дүниесіне, уайым-қайғысына бірге енеді.

Оған қрса фильмде аты аңызға айналған Gorillaz тобының Feel Good Inc. композициясы шырқалады.

«Ауру» — ел аузында жүрген туынды.Бұл фильм — отандық кинематографиядағы жаңа дәуірдің бастауы іспетті. Бүгінде авторлар күрделі тақырыптарды ашық әрі батыл жеткізеді. Енді көрермен бұл туындыны онлайн форматта тамашалай алады.

Фильм Freedom SuperApp қосымшасындағы жазылым арқылы қолжетімді — 30 күн үшін небәрі 5 теңге. Тіркелгеннен кейін фильмді қосымшада, сондай-ақ Smart TV мен компьютер арқылы көруге болады.