«Азия дауысы-2023» фестивалінің басты қонағы Black Eyed Peas тобы өнер көрсетті

Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылған әлем жұлдыздары Black Eyed Peas тобы жеке концертін өткізді. Ол zakazbiletov.kz жобасының директоры Сәбит Сүлейменовтың арқасында мүмкін болды. Неліктен Black Eyed Peas? Олар Қазақстанға қалайша келді? Сәбит Сүлейменовтың айтуынша, Black Eyed Peas тобы қазір Еуропадағы гастрольде жүр. Егер олар Америкада болғанда алып келу қиынға соғар еді. Азия дауысының уақытында олар бос болды. Алматыға Венгриядан ұшып келді, енді Испанияға ұшып кетеді.

Қазіргі уақытта Black Eyed Peas тобы «Where is the Love?» хитінің 20 жылдығы және осы аттас тоғызыншы альбомның шығуына орай Elevation әлемдік турнесін өткізуде. Бірге атап өту үшін тірі аңыз will.i.am топқа қайта қосылды. Ал J. Rey Soul Фергиді сәтті алмастырды.

Кешегі концертте кішігірім оқиға болды — Дағыстаннан келген топтың жанкүйері сахнаға плакат ұстатып кіріп, музыканттар күзетшіге оны өткізуге рұқсат берді. Тіпті онымен бірге әннің бір бөлігін орындады. Оның қуанышында шек болмады! Стадион бақытты адам мен will.i.am әрекетін қатты қолдады. Бұл қазірдің өзінде жанданған «Азия дауысы» туризмнің дамуына мықты әсер беруде. Себебі Қазақстанның әр қалаларынан және Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елдерден жанкүйерлер Алматыға тек Black Eyed Peas үшін келді. Алматы бұрын-соңды мұндай керемет шоуды көрген емес: Black Eyed Peas 2000-шы жылдардағы хиттерін орындаған кезде көрермендер түгел секіріп билеп кетті.

Бұл салтанатты кеш өте жақсы аяқталды. «Харекет» қоғамдық қоры «Азия дауысы» сахнасында қазақстандықтардың ақшасына сатып алынған пәтердің кілтін мұқтаж отбасына табыс етті! «Харекет» қоры 2017 жылы «1000 ТЕҢГЕГЕ БАСПАНА» жобасы аясында құрылған еді. Мұқтаж жандарға көмектесу үшін әркім бар болғаны мың теңге бере алады. Осылайша көмекке қажетті сома жиналады. Құрылғалы бері қор отбасыларға 650-ден астам үй сатып алса, кеше Айгүл Сарыбаеваның отбасы кілтін алды. Шаңырақтары бақытқа толы болсын! «Азия дауысы» әнмен ғана емес, игі істермен де біріктіреді!